Жаңбырдың пайдасы Ж. Кәрбозин «Ақ жаңбыр» (3 сынып, IV тоқсан)

 Жаңбырдың пайдасы Ж. Кәрбозин «Ақ жаңбыр»  (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Жаңбырдың пайдасы Ж Кәрбозин «Ақ жаңбыр»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау;
Сабақ мақсаттары: - Мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойын анықтайды;
- Мәтін мазмұнын рөлдерге бөліп, мазмұндайды.
- Мәтіннің мазмұнына таныстырылым жасайды;
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
[media=http://ecosounds.net/dozhd/zvuk-i-shum-dozhdya/]
Сынып оқушылары қатармен жаңбырдың 3 түрлі дыбысын тыңдайды. Әр топ өз дыбысына қатысты жаңбыр түрін сипаттайды, берілген суретпен сәйкестендіреді.
- Осы дыбысты естігенде көз алдыңа не елестеді?
- Жаңбырдың дыбысы саған қалай әсер етті?
- Жаңбырдың түрін қалай ажыраттың?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.
Сабақтың ортасы
Топтасу «Атом мен молекула» әдісі арқылы оқушыларды 6 топқа біріктіру.
1-тапсырма
(Ж, Т) Ж. Кәрбозиннің «Ақ жаңбыр» мысалын түсініп оқиды. Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді анықтайды.
Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды (болбырап, ыбылжисын (баяусың, молмынсың), атан-кестеңін шығару (қопару), ыдырап (тарап), бұймтай (өтініш), еркін сусындап (суға қанып), дәптерлеріне жазады.
2-тапсырма
(Т) «Әдеби үйірме» әдісі бойынша мәтін мазмұнын рөлдерге бөліп, мазмұндау. Әр партаға топтың тапсырмасы алдын ала дайындалып беріледі.
1 топ: «Баяндап беруші» - мәтін мазмұнын түсіндіріп, айтады.
2 топ: «Зерттеуші» - мәтіндегі оқиға қай кезде, қайда болған, басты кейіпкерлері кімдер деген негізгі сауалдарға жауап іздейді.
3 топ: «Сұрақ құрастырушы»- қарсылас топқа ойланатындай, ізденісті талап ететіндей мәтін бойынша сұрақтар әзірлейді.
4 топ: «Сипаттаушы»- мәтіндегі кейіпкерлердің портртін сипаттайды, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.
5 топ: «Бейнелеуші» - мәтін мазмұнында берілген кейіпкерлердің суретін салып, салыстырады.
6 топ: «Дәнекер» - өздерінің бастарынан өткен оқиғамен байланыстырады.
(Б) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
Саралау: екінші тапсырма көлемді болғандықтан көп уақыт алады. Мұғалім топтарды аралап, әр топқа қолдау көрсетеді, бағыттайды.
3-тапсырма. (ЖЖ) Мәтінге сүйеніп, қимыл- әрекеттерді сәйкестендір және дауыстап оқы.
Ақ жаңбыр: Тәулік бойы тынбайды; Төге береді, төге береді.
Өткінші жаңбыр: Сатырлатып құя жөнелді; Сай- саламен ағып кетті; Келді де, кетті; .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 775



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі