Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)

  Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Нені үйрендім? (бөлімді қайталау)
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;
3.3.4.1. мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кестеге сүйене отырып, мәтін құрай алады.
Көптеген оқушылар: мәтінді толықтырып жаза алады.
Кейбір оқушылар: жіберілген орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзете алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушылар «Молекула» ойыны бойынша 4 топқа біріктіреміз.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
(МК, Ж,ОТ)
1-тапсырма «Болжау» стратегиясы бойынша тақтада ілінген әр тақырып суреттерінен кейіпкерлер немесе сюжетті суреттерді тамашалайды, ой бөліседі, бөлімге болжам жасайды және қойылмаған тақырыптарды өздері анықтайды.
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.
2 – тапсырма
(Ө, ОТ) «Кім жылдам?» ойыны арқылы кезектесе отырып, қажетті сөзді атайды, кестеге жазады.
Әл Фараби Ғұлама ғалым
Хан Абылай
Ы. Алтынсарин Жарық жұлдыз
Қазақтың бас ақыны А.Құнанбаев
Ж.Жабаев Халық поэзиясының алыбы
Күй атасы Құрманғазы
Қажымұқан Күш атасы
Халық ұстазы А.Байтұрсынов
Міржақып Дулатов Оян, қазақ!
Қазақтың бұлбұлы Күләш Байсейітова
Бауыржан Момышұлы Батыр ата
Пулеметші батыр қыз М.Мәметова
Ә.Молдағұлова Мерген қыз
Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды, мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды жауап бердің! Мәнді жауабың үшін ризамыз!
3- тапсырма
(МК, Ө) Жоспарға сүйене отырып тақырыпқа шағын шығарма жазады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұмыс ортада оқылады.
«Күй атасы -Құрманғазы»
Жоспар:
1. Күйшінің өмірі
2. Құранғазының күйлері
3. Күй құдіреті.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 мәтінді толықтырып жазады;
 мәтінді мазмұнына сәйкес ақпараттармен толықтырады;
 мәтіннің стилін сақтайды;
 мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
 мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 227



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!