Шығарманы мазмұндау «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың (3 сынып, III тоқсан)

 Шығарманы мазмұндау «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ»  Марат Қабанбайдың  (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың
Оқу мақсаттары:
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады.
Сабақтың басы 0-5 минут Ширату тапсырмасы: Репортёр әдісі
(Т) Сыныптағы достарыңнан сұра.
1.Оқушылар топқа бөлінеді. Топ өздеріне «репортёр» тағайындайды. Репортер әр оқушыдан «Қандай сурет салғанды ұнатасың?» деген сұраққа жауап іздейді.
2. Жауаптарын қағазға жазып отырады.
3. Әр топтың репортеры өз тобындағы оқушылардың жауаптарымен таныстырады. Қорытында жасалады.
(МТ) Сабақ мақсатын айқындау үшін жетелеуші сұрақтар қойып, оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтайды.
Сабақ мақсаты: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды.
Сабақтың ортасы
(Ө,Т). Марат Қабанбайдың «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» мәтіні оқылады.
1. (МТ) «Белгіле» әдісі. Мәтіннің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, бөліктерді белгілеп отырып, оқу тапсырылады.
2. (Ө) Мәтінді оқу алдында оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Мәтін бөліктерін анықтап, стикермен белгілеп отырып оқиды.
3. (Т) Топта мәтіннен анықтаған бөліктер бойынша талқылап, нақты бөліктерді қағазға жазады.
Саралау: мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім
2 – тапсырма
(ЖЖ) «Веер» әдісі. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:
1.Оқушылар өз еріктерімен жұпқа бөлінеді.
2.Мұғалім қағазды веер пішінінде бүктеп, келесі сұрақтарды жазып дайындайды. Оқушылар дайын «Веерлерді» алып, сұрақтарды келесі жұпқа қояды. Келесі жұп оларға қояды.
 Мұғалім сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақты қалай бастады?
 Сыныпта қандай күтпеген жағдай болды?
 Неліктен Ержан ана бейнесін салғысы келмеді?
3. Сұрақтар бойынша оқушылар өз жауаптарын береді.
4. Сұрақтардың алдыңғы тапсырмамен қандай байланысы бар екендігі сұралады.( бөлімдер бойынша берілген сұрақтар).
Саралау: қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.
Қ/Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар
3-тапсырма
(Т) «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі арқылы, мәтін бойынша жоспар құрастыру тапсырылады.
1.Мұғалім әр топқа бірінші тапсырмада жазған мәтін бөліктеріне сүйене отырып, жоспар құруды ұсынады.
2.Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі.
3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар:
1. Алғашқы сабақ күні
2. Ержанның іс-әрекеті
3. Менен суретші шықпайды
4. Салауат ағайдың ойы
Саралау: басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.
Б: «Пантомима» Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.
4-тапсырма
(Т) Құрастырған жоспар бойынша мәтін мазмұнын айт.
1. (МТ) Мұғалім әр топқа құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мәтінді мазмұндауды тапсырады.
2. Оқушылар жоспар бойынша мәтін мазмұнын өз қалаулары бойынша мазмұндайды.
3. Оқушылардың жауаптары бағаланады.
Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.
Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 845



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!