Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек

 Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.

Жасыңда жалықпасаң –
Қартайғанда тарықпайсың.

Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.

Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында.

Ілгері басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.

Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.

Өмір өтер, жас өсер.

Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.

Қартайсаң – жастықпен қоштас.

Ұят келсе, кәріге келеді,
Жастың несі кетеді?

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.

Жасында тырысқан – қартайғанда қуанады.

Жасық жас өкініп өседі,
Қайратты қарт тыныш өмір кешеді.

Жас баланың қарны тойса, қатарын іздейді.

Жас та келіп қырықпенен астасар –
Сол уақытта жігіттік те қоштасар.

Жасыңда оқтай түзу болсаң да, қартайғанда жақтай иілесің.

Қартайсаң – жастықпен қоштас.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 5 217



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі