Рақым туралы мақал-мәтелдер

Рақым туралы мақал-мәтелдер


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тұрмысқа пайдалы кеңестер

Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Қайыр бар жерде ырыс бар.

Қайыр қылсаң, бүтін қыл.

Мырза болмасаң да, рақымды бол.

Жақсылық жүректен, жамандық білектен.

Жақсылық жерде қалмайды.

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.

Кекшіл болма, көпшіл бол.

Жақсыдан – шарапат.

Жақсылық қылсаң, жарлы болмассың.

Жамандық пайда етпейді, жақсылық зая кетпейді.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы



00


Комментарии для сайта Cackle