Тәуелсіздік туралы мақал-мәтелдер



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Бұйырмаған бақ

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман.

Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.

Тәуелсіздің тынысы тарылмайды,
Тәуелдінің ырысы жарымайды.

Егеменді ел көрікті,
Бетегелі бел көрікті.

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,
Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.

Тәубенің зоры – Тәуелсіздік.

Тәуелді елдің иті де төмен қарап үреді.

Егемен елдің еңсесі биік.

Туған жердің түтіні ыстық,
Туған елдің күтімі ыстық.

Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым.

Отан - оттан да ыстық.

Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Табиғи сұлулық табиғи өнімдерден





Комментарии для сайта Cackle