Өлең: Арман Сәбитбекұлы (ІҢКӘР СЕЗІМ)

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (ІҢКӘР СЕЗІМ)

Жанымды жалын сезім жандырғасын,
Іңкәрлік өзегімді талдырғасын,
Ғашықтық әнін жаздым өзің жайлы,
Көркіңе көз тоймайтын талдырмашым.

Бақыты бал махаббат сағыну ма,
Суретін сөзбен салып табыну ма?!
Жүректің жан тербеген бесігінде,
Сағымы сағыныштың ағылуда.

Бойына жинағандай бар асылды,
Қылығы бір өзіне жарасымды.
Сүйкімді күлкісімен сыңғырлаған,
Әсемдік әлемінің бағы ашылды.

Жайнатып жібергендей ай маңайды,
Жанары жас арудың аймалайды.
Еріксіз емірентіп ерке сұлу,
Ерекше нәр бергенін ойламайды.



Комментарии для сайта Cackle