Шешеннің сөзі ортақ Әнет баба өсиеттері (3 сынып, III тоқсан)

 Шешеннің сөзі ортақ Әнет баба өсиеттері (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Шешеннің сөзі ортақ Әнет баба өсиеттері
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтіннен қажетті ақпаратты табады
Көпшілік оқушылар: Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді
Кейбір оқушылар: Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.
Сабақтың басы
Ширату
«Сәлемдесу» ойыны
Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен,қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады. Қимылды тез жасаулары керек
Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен
Топтарға бөліну
Мақал-мәтелдерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді
І- топ
Жақсы сөз жаныңды жадыратады,
Жаман сөз уайымға салындырады.
ІІ -топ
Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,
Біліп айтқан сөзге мін жетпейді
ІІІ-топ
Жақсы сөз-жарым ырыс.
ІҮ-топ
Жақсы сөз жараны да жазады
Әр топ мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді

Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө,ЖЖ,Т) Мәтінмен жұмыс
І- топ Мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу; Әр бөлікке атау беру;
ІІ -топ Мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру; Кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;
ІІІ-топ Мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсету
ІҮ-топ Мәтіннің мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпарат табу
Саралау: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.
ҚБ «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» марапат сөздері арқылы бағалау.
2-тапсырма
(Ұ,Т) «Қағаздағы сұрақтар» әдісі
Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді
Үлгі:
-Әнет баба қандай өсиет айтты?
-Қазыбек бидің нөкерлері айтқан өсиеттің мағынасын түсінді ме?
-Әнет бабаның өсиетін Қазыбек би қалай түсінді?
Саралау:Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.
ҚБ «Қол шапалақтау»
3-тапсырма
(ЖЖ) «Жалғасын тап» әдісі
Сызбаға сүйеніп шешендік сөздер туралы ойын және шешен адамға тән сипаттарды айту
Шешендік сөз – тауып айтылған тапқыр сөз,даналық сөз, әсерлі сөз...
Шешен-данышпан,дана,тапқыр....
Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.
ҚБ « Смайликтер»
4-тапсырма
(Ж,Т) «Бір сөйлеммен түйіндеу»
Топтағы оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін топтар өздерінің жазған сөйлемдерін оқиды.
Саралау: Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады.
ҚБ « Отшашу» ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 971



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?