Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау (3 сынып, I тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы  мазмұндау (3 сынып, I тоқсан)



Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: 1.2. Шығарманы мазмұндау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/сахналау
3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкерлердің портретін сипаттап оның іс-әрекетін, мінез-құлқына баға береді және өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, мінез-құлқынын анықтап, соған ұқсас мысалмен байланыстырып мазмұндай алады.
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап баға беріп, өзінің бойындағы қасиеттерді байланыстырып мазмұндай алады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы. «Бұл кім?» ойыны. Мұғалім сыныптағы бір оқушыны сипаттап айтады: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін, мінез-құлқын келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.
Бір-екі сипаттан кейін оқушылардан: «Бұл кім?
Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдаймын. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол
ақ жейде киген... Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...».
Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.
Сабақ мақсатын бірге анықтау: Қандай іс-әрекет жасадық?
Сұрақтар қандай болады?
Балалар, ендеше бүгін біз сендермен кейіпкерлердің портретін сипаттап, мінез-құлқын анықтаймыз, шығарманың мазмұнын айтамыз.
Сабақтың ортасы
Оқиық. (Ө). «Джигсо» әдісі. Мәтінді оқы.
Қанекей Жармағамбетовтің «Ормандағы оқиға мәтіні төрт бөлікке бөлінеді. Оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі.
Жасыл түсі -барлық тапсырма орындалды.
Сары түсі – тапсырманы орташа деңгейде жасады.
Қызыл түсі– тапсырма қате орындалған немесе мүлдем жоқ.
Табайық. (Ж). «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Ақ қайың мен Қарағаштың іс-әрекеті неге өзгергенін мәтіннен іздеп тап, түртіп ал, түсіндір.
1) кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінен тауып, түртіп алады.
3) неге өзгерген себептерін талқылап ортада түсіндіреді.
«Күншуақ». Күннің шуағына тапсырма бойынша түсінгенін, түсінбегендерін жазады.
Анықтайық. (Т). «Қабырға сұлбасы» әдісі.
Оқушылар Тобылғының портерін сипаттайды, іс-әрекетіне, мінез-құлқына баға береді. Топтарға кейіпкердің сұлбасы бар қағаз таратылады.
1) Тобылғының портретін білдіретін сөздерді ішіне жазады
2) сыртына іс-әкеретіне, мінез-құлқына баға берітін сөздерді жазады.
3) жазғандарын оқиды.
4) топтар жұмыстарын бағалайды.
Қ/Б. «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады
Мазмұндайық. Оқушыларға мәтін мазмұны бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау тапсырылады.
Оқушылар әңгімені келесі критерий бойынша мазмұндайды.
Зерттеңіз: кейіпкердің біреуін таңдап, шығарма ішінен суреттеген жерді айтады.
Дәлелдеңіз: кейіпкерлердің кім болғанын мазмұндап, шығарма ішінен дәлел келтіріп айтады.
Талқылаңыз: кейіпкерлердің іс-әрекеті жайлы мазмұндап, мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалайды.
4. Оқушылардың өз еріктері бойынша әңгіменің мазмұнын сұраңыз.
5. Оқушылардың жауаптарын бағалаңыз.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle