Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ілияс Жансүгіров Күн шыққанда (3 сынып, I токсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ілияс Жансүгіров Күн шыққанда (3 сынып, I токсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Күн шыққанда І.Жансүгіров Күн шыққанда
Оқу мақсаты: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлең мазмұнын түсінеді;
Көптеген оқушылар: өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңді түсініп оқи алады.
Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде көрсетеді.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
0-2 Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды таңғы табиғаттың күйі жазылған сөздерді таңдау арқылы 4 топқа біріктіреміз. (сөздерді жазылған бетті төңкеріп қоямыз)
1-топ: «Таң»
2-топ: «Күн»
3-топ: «Таңсәрі»
4-топ: «Күн шуағы»
Оқушылар таңдап алған табиғат күйі туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.
Атып келе жатқан таң бейнесін көркем сөздермен суреттеп береді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ұ) «Құндылықтар спектрі» әдісі арқылы берілген мақал-мәтелдерді түсініп оқиды, тақырып ойластырады, түсіндіреді.
1.Ақыл- тозбайтын тон,
Білім- таусылматйын кен.
2. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім ал
3. Күш- білімде,
Білім- кітапта.
4. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды
Автор туралы:
Ілияс Жансүгіров- ақын, аудармашы, драматург.
(1894-1938) Алматы облысының Ақсу ауданында туған. «Балаларға базарлық», «Мектеп» атты кітаптары бар.
2- тапсырма
(Ө, Т, МК) «Суреттеуші» әдісі арқылы берілген сурет бойынша мұғалімнің көмегімен тақырыбы және негізгі ойды анықтайды.
Суреттің өлең мазмұнына байланысын анықтау үшін сұрақтарға жауап табу үшін өлеңге шолу жасау және дауыстап өлеңді тізбектей оқып шығады.
Дәптермен жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
Масайрап-рақаттанып
Кергіш-жіпті екі ағаштың арасына тартып байлау
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
3-тапсырма
(МК, ЖЖ,Т) «Қар кесегі» әдісіне сүйене отырып жұпта оқушылар өлең мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді. Өлең мазмұнына сәйкес топтар сурет салады және топ алдында қорғайды.
Үлгі сұрақтар:
Шырт ұйқыдан не оятты?
Мал қайда жүр?
Күн шыққанда ұйықтауға бола ма?
Масайрап дегенді қалай түсінесің?
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
-өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ қояды;
-өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
-өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салады
4 – тапсырма
( МК, Ө) «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі арқылы өлеңнен қорытынды ой айтылған жолды тауып жазады. Ақын ойын анықтайды.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Емханаға тіркелудің қандай жолдары бар?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle