Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Бау-бақша аясында (3 сынып, I токсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Бау-бақша аясында (3 сынып, I токсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қасты қалай өсіруге болады

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Бау-бақша аясында
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында суретті қоланады; кейіпкерге мінездеме береді
Көпшілік оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетіне мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалайды;
Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіріп айтады, шығарманың құрылымын, стилін жетілдіреді.
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы
Ширату:
«Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)
Топқа бөліну:
Сынып таңдаған жемістері арқылы төрт топқа бөлінеді
1-топ Жүзім
2-топ Шие
3-топ Алма
4-топ Өрік
Интербелсенді тақтадан жемістер туралы «Жеміс-жидектер туралы не білесің?» видеролик көрсетіледі.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен тансытырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ж,Т) «Стоп кадр» әдісі
Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы мәтінді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады.
1) «Жүзім жегісі келген қасқыр » ертегісін оқиды
2) Мәтінді оқып отырған кезде «Стоп кадр »деген белгі беріледі. Тоқтаған жеріндегі кейіпкердің іс-әрекетін айтады.
3) Мәтін аяқталғанша осылай жалғасады.
Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.
ҚБ «Смайликтер»
2-тапсырма
(Т) «Ашық микрофон» әдісі
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді
1)Түлкі қасқырдың іс әрекетіне қандай баға берді? Сен оған келісесің бе?
2) Қасқырға қандай кеңес берер едің?
Саралау:Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады
ҚБ «Қол шапалақтау»
Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау
3-тапсырма
(Ұ,Т) «Галереяны шарлау»әдісі
Әрбір топ ертегі бойынша постер дайындайды.
Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді.
Саралау: Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастары ұсынған мәселе, ақпараттарымен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.
4-тапсырма
(Т,Ө,ЖЖ) «Менің бау-бақшам» жобасын жасау
1)Бау-бақшада қандай жемістер өскенін қалайсың?
2)Бау-бақшаға қатысты еңбек түрлерін ата.
3) Әр жеміс туралы шағын мәтін құрастыр.
Әр топ өз атына сәйкес мәтін құрастырады.
Саралау: Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады.Кейбір оқушылар тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекті қажет етеді. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
ҚБ «Бағдаршам»
Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы
Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы
Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
БАЛА БОЛМАУДЫҢ 50 пайызы ЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle