Ермектік ойыны

 Ермектік ойыны

Майрагул Алмашева ересек топ тәрбиеші

Сабақтың тақырыбы: Ермектік ойыны
Сабақтың мақсаты: Балабақшада жазғы мезгілдерде балалармен түрлі қызықты ойын сауықтар ұйымдастырылады. Ойын сауықтарда балаларды болашақ маман иелеріне тәрбиелеу, салауатты өмір салтына балабақша қабырғасынан үйрету басты мақсат болып табылады. Аталған ойын сауықта балаларға өз денсаулықтарына құрметпен қарауға, тілдерін дамытып,мамандық иелеріне тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Көрнекілік: сүт тағамдарының түрлері, жеміс-жидектер түрлері, витаминдер суреттері пайдаланылады.
Алдын ала балаларға супервайзер, менеджер, фирма сөздерінің мағанасы түсіндіріледі.
Жүргізуші - тәрбиеші: Қадірменді ханымдар мен мырзалар! Біздер бүгін «Ең үздік жарнамалық компания» конкурсын ұйымдастырамыз. Ең үздік деген компания өнімдері теледидар арқылы жарнамаланады. Конкурсқа «Рахат» фирмасы дайындаған тағам түрлері қатынасады. Сіздердің назарларыңызға осы фирманың 3 жарнамалық компаниялары өз тағамдарын ұсынады. Ең өтімді өнімдерді жарнамалау үшін әділ қазылар алқасын сайлайық. (Әділ қазыларға топтың жарнамаға қатынаспайтын балалары сайланады)
Ортаға «Рахат» фирмасының директоры шығады: Сіздердің алдарыңызға «Рахат» фирмасының 3 компаниясын әкеліп отырмыз, фирма өнімдері экологиялық таза, балалар өміріне қауіпсіз. Сіздердің алдарыңызға фирманың супервайзерлерін шақырамыз!
- Бірінші жарнамалық компания – сүт тағамдарын ортаға шақырамыз! «Рахат» фирмасының сүт тағамдары үлкен – кішінің сүйікті тағамы. Олай болса сіздердің назарларыңызға сүт өнімдерінің пайдасын дәлелдейміз!
1- бала: (сиыр) «Мө», «мө» деп мөңіредім,
Молшылық төңірегім.
Сүтіммен де,етімен де,
Адамзатқа мен ұнадым.
2- бала (түйе) Түйе, түйе , түйемін
Жануармын киелі.
Денсаулыққа пайдалы,
Шұбатымды беремін.
3- бала (жылқы) Алысқа шауып барамын,
Адамзат бабын табамын.
Қымызым бар пайдалы,
Әсем, сұлу жылқың мен.
4- бала (ешкі) Ешкі деген мен болам,
Тыным таппай секірем,
Баршаға сүтім пайдалы,
Шымыр бол деп деп өсуге!
Тәрбиеші: Міне сіздердің алдарыңызға сүт өнімдері жарнамаланды. Ендігі кезекті екінші жарнамалық компания дәрумендерді (витаминдерді) шақырайық. «Рахат» фирмасының дәрумендері балалар денсаулығын нығайтуға көп септігін тигізеді.
1- бала («А» дәрумені) Кімде – кім сәбізді көп жесе,
Шырынды және көп ішсе,
«А» витаминін алады,
Көруің, есте сақтауың,
Жоғары сонда болады.
2 – бала («В» дәрумені) Қара нанды ертемен,
Ботқаға қосып соғып ал.
Сонда сенің саулығың
Солқылдақ еш болмайды.
3 – бала («Д» дәрумені) Дені саудың - жаны сау,
Нақыл сөзін еске ұстап,
Балық майын ішуді ,
Ұмытпаған жөн болар ,
Себебі оның бойында ең қажетті
«Д» витамині мен бармын
4 – бала («С дәрумені) Жөтел менен тұмауға
Апельсин келер көмекке,
Ащы болса бола берсін,
Лимонды же пайдалы.
Себебі онда мен бармын!
Тәрбиеші: Сіздердің алдарыңыздағы компанияға өз қошіметтеріңізді көрсетіп қол соғуларыңыз сұралады! Келесі кезекте « Рахат» фирмасының шырындар жарнамасын ортаға шақырамыз!
Шырындар түрлі болады,
Алма менен алмұрттан,
Апелсин және ананас,
Әр шырынның дәмін тат.
Шырындарды ішіңіз,
Көңілді әрі батыл болуға,
Өмірде нық басуға.
1 – бала (өрік) Бау – бақшада өсемін,
Сап – сары мен өрікпін.
Шырынымды үзбей іш
Боласың сен көрікті.
2 – бала (жүзім) Қара жүзім, көк жүзім,
Жеп көрші сен бір үзім
Дәмі оның кетпейді
Жусаңда ауыз қуысын.
Қыздар бишілер тобы «Шиелер» биін билеп жарнамалайды.
Тәрбиеші: Ұзақ біздер бұл жерде,
Өнімдерді мақтадық,
Кімнің озып шығарын
Әділ қазы саралар
Ақылдасып, ойланып,
Әділ шешімді дөп берер!....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?