ZHARAR | KZ ✅ | Сабақ жоспары | Балабақша сабақ жоспары | Біздің балалар қайда екен ойыны

Біздің балалар қайда екен ойыны

 Біздің балалар қайда екен ойыны
Балабақша әдіскері: У.Е. Тлюупова
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 2
Уақыты:15.09.15
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Біздің балалар қайда екен ойыны
Сабақтың мақсаты:
а)Топпен таныстыру,бөлмелердің аттарын үйрету.
ә)Сұрақтарға қысқаша жауап беруге дағдыландыру.
б)Ұқыптылыққа баулу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен балабақша туралы әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: Балабақшаның суреті,орамал
Билингвалдық компонент:балабақша-садик,орамал-палотенца,аула-двор,жиһаз-мебель, орындық-стулья,терезе-окно,шешінетін шкаф-шкаф для одежды.
Іс-әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы: Балалармен сәлемдесіп: «Балалар біз таңертең балабақшаға келеміз»,-дей отырып, балабақшаның суретімен таныстыру.
-Балабақшамыз үлкен,әдемі ауласы кең. Балалар,біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп,балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады.
Топтағы заттармен таныстыру:
-Мынау-орындық,мынау-терезе,мынау-ойыншықтар тұратын жиһаз,онда ойыншықты жинайсыңдар,топтағы тағы да бөлмелер бар. Мынау-шешінетін бөлме,онда шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады. Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады. Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер.
Мынау-ұйықтайтын бөлме,онда сендер жататын керуеттер тұрады, Тобымыз үлкен,әрі жарық. Балалар топқа қызыға қарайды.
Заттармен танысуға құлшыныс танытады. Тәрбиешіні тыңдайды.
Іздену-ұйымдас тырушы Балалардың көңілін орамалға аударту.
Д\о«Бұл кім болды екен?» ойынын ойнаймыз.
Шарты: орамалдың астында кім екенін айтқызу,аттарын ататып.
«Орамал кімді жасырады екен»,-деп бір баланың бетіне бір орамал жабады. Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды.Әрқайсысына өз аттарын айтқызу. Тәрбиеші тағы да сұрақтар беруге,сөйлетуге үйрету.
Мысалы:
-Сен қайда тұрасың? Сен атыңды айтшы?
-Кімнің қасында тұрсың? Ол баланың атын білесің бе? т.б.
Д\о«Біздің балалар қайда екен?»
Шарты:Үлестірмелі материалда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу.
Билингвалдық компонент:балабақша-садик,орамал-палотенца,аула-двор,жиһаз-мебель, орындық-стулья,терезе-окно, шешінетін шкаф-шкаф для одежды.
Орамалға күлімдей қарайды. Көңілді болуға тырысады. Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Орамалмен беті жабылған бала өзінің атын айтады.
Қасында тұрған баланың атын айтады.
-Асқар үстелдің астына тығылып жатыр.
-Марат үлкен ойншық қонжықтың артында отыр.
Қайталайды: балабақша-садик, орамал-палотенца,аула-двор,жиһаз-мебель, орындық-стулья,терезе-окно, шешінетін шкаф-шкаф для одежды.
Рефлексивті коррекциа лаушы Тәрбиеші балалардың көңіл күйлеріне қарап,мақтап,мадақтау. Балаларды сөйлеуге үйрету. Балалар қуаныш сезімін танытады.
Балалар сөйлеп үйренеді.
Күтілетін нәтиже;
Нені біледі: Өздерінің,көршілерінің аттарын айтуды біледі.
Қандай түсініктерді игереді:Топ туралы түсінікті игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:Сұрақтарға жауап беруді меңгереді.......
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость Милана - Сегодня, 08:45
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Гость Милана - Сегодня, 08:44
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Куралай - Сегодня, 08:24
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

👌👍

Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР