Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 10-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И4. Шығармашылық жұмыс
Сабақ мақсаты: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаз.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Телеграмма» әдісі
Оқушылар 10-15 сөзден тұратын Жер ғаламшары туралы Күнгей ғаламшарының ғарышкерлеріне телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып, болжау жасайды.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Мағынаны тану
1-тапсырма. «Кейіпкерді таны» әдісі
Оқушыларға «Кейіпкерді таны» кестесі жазылған қима қағаздар таратылады.
 Оқушылар «Дабыл» әңгімесін көз жүгіртіп оқып шығады.
 Кейіпкерлердің өзара қатынасын топ ішінде талдап, әр оқушы кесте толтырады.
Кейіпкер Іс- әрекеті мен мінезі Автордың осы кейіпкерге көзқарасын әңгіме арқылы дәлелдеу
Жасаған
Төлен
Таңатар
Жантас
Қазыкен
Балбек
Баламұрат
Жанқуат
2-тапсырма. « Кейіпкерге хат» әдісі
1- қадам: Шығарма кейіпкерлерін бөліп алады.
2 - қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс – әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек екенін түсіндіріледі.
3 - қадам: Мұғалім бұл сұрақтар күрделі болу керектігін есіне салады. Төмендегі құрылымды үлгі ретінде тақтаға жазып қоюға болады:
Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?
4-қадам: Осы сұрақтарға оқушылардың өзі мүмкіндігінше
балама жауап ұсынуы қажет екенін түсіндіріледі.
Мүмкін,... ... болған шығар?
3-тапсырма. «Креативті жазу»
Мұғалім «Дабыл» әңгімесінен бірнеше үзінді таратады. Оқушылар оларды өз таңдауы бойынша бөліп алып, қиялгер жазушы ретінде берілген үзіндіні қайта өңдеп, креативті жазады.
Өздік бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
«Дабыл» әңгімесінен алынған үзінділерді өңдеп креативті жазады 10-15 сөзден тұратын телеграмма жазады
өз телеграммаларын оқып болжау жасайды
кейіпкер кестесін толтырады
кейіпкердің іс- әрекеті мен мінезін анықтайды
автордың кейіпкерге көзқарасын дәлелдейді
кейіпкерге сұрақ түріндегі хат жазады
Үзіндіні өңдеп креативті жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 854



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?