Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 9-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 9-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 9-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Сабақ мақсаты: Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.
Сабақ барысы:
1-сабақ
Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал орнату.
Оқушылардың назарын аударту үшін.
«Сәлеметсің бе!»
Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:
- Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);
-Табыс (сұқ саусақ);
-Үлкен (ортаңғы);
-Барлығында (атаусыз);
-Барлық жерде (шынашақ);
-Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).
1-тапсырма
Оқушыларға «Айдағы жасырынбақ» фантастикалық әңгімесінен үзінділер таратылады. Оқушылар жұппен үзіндіні оқып, негізгі ойды, сюжеттік желісін анықтайды.
А тобы жанрын, мазмұнына қысқаша шолу жасайды
В тобы сұрақтар қояды:
1.Әңгіменің тақырыбы қандай?
2. Қандай ой айтылған ?
С тобы қорытынды ой айтып,сараптама жасайды.
2-тапсырма «Уақыт шеңбері» әдісі
Сынып оқушылары топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады. Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже оқушылардың барлығы талқылауға түгелдей қатысуы керек. Негізгі үш ережені талқылау керек:
1. тек бір адам ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.
2. егер сіз тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.
3. ешқандай ескерту болмау керек.
Әр топта топ жұмысын ұйымдастырушы делдал болады. Делдал мұғалім дайындап келген сұрақтар бойынша топтағы оқушыларды әңгімелесуге, пікірлесуге шақырады. Бір сұраққа жауап бергісі келмеген оқушы болса, оған жетелеуші сұрақтар қойып, топ жұмысына қатыстыруға тырысу керек.
Жетелеуші сұрақтар:
1. «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінде пролог бар ма?
2. Әңгіменің қай бөлігін пролог деп айтар едіңіз?
3. Қай оқиға сюжеттің басталуы болады? Неге?
4. Шығарманың жанрлық ерекшелігі неде?
5. Сюжеттік желі арқылы автор оқырманына қандай ой тастайды?
6. Әңгіменің идеясы не?
3-тапсырма «Джигсо» әдісі
1-қадам:Төрт адамнан тұратын топта оқушылар шығарма бөліктерін талқылайды, алғашқы нұсқа ретінде оқиды.
2-қадам: Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
• Оқиғаның басталуы
• Оқиғаның дамуы
• Шарықтау шегі.
• Шиеленісуі
• Оқиғаның шешімі
3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан мәтінге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.
4-тапсырма «Жолаушының қойын дәптері» тәсілі
1 – қадам:Оқушыларға 3 бөліктен тұратын кестені сызып, бірінші бөлікке сабақта не туралы сөйлескенін, екінші бөлікке не туралы жазғанын, үшінші бөлікке қандай шешімге келгенін, не түйгенін жазады.
2 –қадам: Кестеге жазғанын жанындағы жұбына оқиды, бір – бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөліседі.
Не туралы сөйлестік? Не туралы жаздық? Қандай шешімге келдік?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 11 189



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі