Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Шығармашылық иірімдері (8 сынып, III тоқсан )

 Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Шығармашылық иірімдері (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Шығармашылық иірімдері
Оқу мақсаты: А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Өз жауабыңды көрсет» әдісі
Оқушыларға «Алаш қайраткері М. Дулатұлының қазақ әдебиеті мен өнеріне қосқан үлесі» мақаласы таратылады. Оқушылар мақаланы алдымен жеке оқып шығады. «Өз жауабыңды көрсет» тәсілімен жұптасып, мақаладағы ойларға қатысты қарапайым ойлар мен терең ойға негізделген сұрақтар құрастырып, талдайды. Жұппен талдап болғаннан кейін екінші жұппен топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топ мүшелері «Сұрақ? Жауап» тәсілі арқылы пікір алмасып, топтағы бір оқушы ортақ ойды сынып алдында мазмұндап айтады.Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады. 1.шығарма оқиғаларын талдайды;
2.үзінділерді өңдейді;
3.креативті жазады.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
"Әңгіме кестесі»
Сынып оқушылары жұппен өздері таңдаған шығарма үзіндісі негізінде «Әңгіме кестесін» толтырады.
Шығарма үзіндісі Үзіндіні қайта өңдеп жазу Үзіндіден алған әсер, өз көзқарасыңыз

2-тапсырма
«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
1-қадам. Шығарманың мазмұнына сұрақтар дайындау;
2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды. Оқушылар «Ыстық орындық» немесе «Жарық астындағы оқушылар» стратегиясы арқылы белгілі әдебиеттанушы рөліне ене отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әрбір оқушының белгілі бір әдебиет сыншысы ретінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар:
• Байжан сияқты алпауытпен тартысқа түсіп, екі жасты бақытты ету мүмкін бе?
• Жазушы болсаңыз, кейіпкеріңізге бақытқа жетудің қандай жолын ұсынар едіңіз немесе шығарманы қалай аяқтар едіңіз?
3. Мағынаны тану
3-тапсырма « Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,» әдісі
Оқушыларға тапсырманы орындамас бұрын «Міржақып Дулатұлы. Қайда едің? https://www.youtube.com/watch?v=YF7LPTM3Teg», Алашқа https://www.youtube.com/watch?v=LSeUg7wS8QQ» бейнебаяны көрсетіледі. Оқушылар бейнебаянды көріп болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінен қызыл, жасыл, көк, сары түсті үлестірме қағаздарды таңдап алады. Өздері таңдап алған қағаз түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылған «Азаттық жыршысы-М.Дулатов», «Ұлтқа арнаған ғұмырын», «Алаш болып шашау шықпау- бірліктің басы», «Қазақтың тұңғыш романы» тақырыптары көрсетіледі. Әр топтан бір оқушы шығып тақырып таңдап алады. Топ мүшелері бірінші тақырыптар бойынша жеке өз ойларын айтады, топпен пікірлерін салыстырады. Тақырыптарды әртүрлі ақпарат көздерінен жазып алған деректермен байланыстыра отырып талдап, қорытынды ойларын келесі топқа барып айтады. Осылайша барлық топ бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, ой бөліседі.
Қабілеті жоғары оқушы тақырыпты анықтап, деректермен байланыстырады, қабілеті орта оқушы қорытынды ойды келесі топқа баяндап жеткізеді.
4. Бекіту
4-тапсырма
Шығарманың ұнаған және ұнамаған тұстарын еске түсіріп, жеке «Ішкі және сыртқы» кестеге толтыру. Оқушылар «Бақытсыз Жамал» романы бойынша «ішкіге» – шығарма бөліктерінің өзі келісетін, ұнаған тұстарын, «сыртқыға» – өзіне ұнамаған, қарсы пікірін жазады.
ішкі сыртқы
5.Салыстыру
5-тапсырма «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі
Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады. Топ мүшелері алдымен шығарма шығарма үзінділерін таңдайды. Содан кейін жұппен үзінділерді салыстырады. Топтағы оқушылардың таңдаған үзінділері бірдей болуы мүмкін, барлығы өздері таңдаған шығарма үзінділерін бірінші топта жеке-жеке оқып шығады. Оқып болғаннан кейін таңдап алған үзінділерді өңдеп әңгіме жазады. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, жазған әңгімелерін оқиды. 4 оқушы әңгімелерін оқып тұрғанда қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды
Ерекше әсерлі әңгімелер Қандай жағдайды сипаттайды Ұмытылмайтын тұстар Кейіпкердің ойы мен сезімі Сенің ойың мен сезімі
- деген кесте бөліктеріне жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі. Интерактивті тақтадан көрсетуге мүмкіндік болмаса оқушылар анық көретіндей етіп флипчартқа сызып, тақтаға іліп қоюға болады.
6.Бағалау.
Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Топтағы әр оқушы «Сенің білгің келетін сұрақтар?» әдісі бойынша шығарма бойынша үш түрлі сұрақ құрастырады. Үш сұраққа «5-5-1» әдісі бойынша бірінші бес сөйлем құрастырады. Екінші бес сөйлемді бес сөзге қысқартады, үшінші бес сөзді бір сөзге қысқартады. Сабақ қорытындысында оқушылар «Пирамида» тәсілі бойынша :
1. Cенің сұрақтарың...,
2. Сенің есіңе бүгінгі күнді түсіретін ойлар...,
3. Сенің бүгін білгенің…» тіркестері бойынша қорытынды жасап, өзін- өзі бағалайды.
Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін сабақтың басында өздері бірлесіп жасаған бағалау критерийі бойынша топтық бағалау жасайды.
Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 176



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!