Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Образдар жүйесі (8 сынып, III тоқсан )

 Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Образдар жүйесі (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Образдар жүйесі
Оқу мақсаты: 8.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«ВАК» (визуалдық, аудиториялық, кинестетикалық) тәсілі
Әр оқушыға кейіпкердің жан толғанысын сипаттайтын шығарма үзінділері жазылған үлестірме қағаздар таратылып, оны белгіленген уақыт ішінде жатқа айту тапсырылады. Топ мүшелеріндегі үзінділердің бірдей болмауын мұғалім қадағалауы керек. Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды. Содан кейін сыныппен «Жамалдың ішкі қиналысын сезіну арқылы нені түсіндің?, Үзіндіні жатқа айту арқылы нені үйрендің? Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?, Кейіпкердің көңіл- күйі сенің сезіміңе қалай әсер етті? » сұрақтарына жауап беріп, талқылайды. Сұрақтар мүмкіндік болса интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылып тақтадан көрсетілуі керек.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
• кейіпкер табиғатын таниды;
• тура/жанама мінездеулерді жіктей алады. 1.кейіпкерге тән мінездемелерді оқиды;
2.тура/жанама мінездеу екенін анықтайды;
3.кейіпкер мінезін беріп тұрған тілдік тәсілді түсіндіреді.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі
Сынып оқушылары алдымен «М.Дулатов көркем деректі фильм» көреді. Деректі фильмді көріп болғаннан кейін интерактивті тақтадан көрсетілген «Сөздер банкісі» бөлігіне шығармаға қатысты түйінді сөздерді анықтайды. Шығармаға қатысты сөздерді «Біздің тақырып» деген бөлікке ауыстырып жазады. Шығармадан өздері таңдаған кейіпкерді сипаттайтын мінездемелерді тауып оқиды.
Сөздер банкісі Біздің тақырып
3. Мағынаны тану
2-тапсырма «Үштік талдау» әдісі
Оқушылар шығармадан алынған үзінділерді оқи отырып, кейіпкер бейнесіне талдау жасайды. Үш оқушыдан тұратын төмендегідей топқа бөлінеді: сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы.
• Алдымен біреуі 1-үзіндіні оқиды.
• Сөйлеуші үзінді бойынша өзінің түсінгенін айтады немесе пікірін білдіреді.
• Сұрақ қоюшы сұрақ қояды және түсініктеме беруді сұрайды.
• Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды жасайды.
• Қалғандары (сөйлеуші, сұрақ қоюшы) келісетін/келіспейтінін дәлелмен білдіреді.
• Үшеуі бірлесе отырып, шығармадан тура және жанама мінездеулерді табады.
• Келесі жолы (2-3-үзінділерде) рөлдер ауысады (2-үзінді бойынша 2-оқушы; 3-үзінді бойынша 3-оқушы сөйлейді).
1-үзінді:... Жамал бір сағаттан кейін есін жиған соң, ақырғы ақылын жиып: «Мен бүйтіп жүріп тіршілік қыла алмайды екенмін, мұнан да бұл иттің қолынан өлгенше, басқа жаққа кетіп өлейін», - деп ойлады.
2-үзінді: - Әйда, Ғали син бір де қорықма, алхамдулла, біздің қораға рұқсатсыз һеш бір степной қырғызларың кіре алмас. Əгəр киліп скандал чығармакчы бұлсалар, прямо частьқа заявить итіп, жилткөләрін қашытармыз, - деп Ғалиды қайраттандырып қойды.
3-үзінді: «Бұл жiгiт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар,жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы,әдепті, ноғайшалау Ғали есімді бір зат еді».
3-тапсырма. «Лауазымды адам» әдісі
Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, туған айларын айтады. Әрбір төртінші оқушы өзінің туған айын бір қадам алға шығып айтып, кіші шеңбер құрады. Бұл оқушы «Лауазымы жоғары адам» тәсілі бойынша лауазымды адам болып есептеледі, оқушыға оны ерекшелейтін бас киім беріліп, оқушы тәжді басына киеді. «Лауазымы жоғары адам» энциклопедиялық сөздікті жарнамалауы керек. Ол сыртқы шеңберден үш баспа қызметкерін таңдап алып, топ құрады. Бір топта төрт оқушы болады. Топ мүшелеріне тапсырма жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Үш оқушы үлестірме қағаздағы кестені постерге сызып, «Поштабай, лау байлатып, мұқтаж,ғибрат,уағда» сөздерінің мағынасын ашып жазады. Төртінші – «лауазымы жоғары адам» оқушы постердегі сөздердің мағынасының дұрыстығын тексеріп, жұмысты жарнамалау үшін сынып бөлмесінің қабырғасына апарып іледі. Сынып оқушылары «Галерея» әдісі арқылы жарнамаланатын жұмыстарды қарап, өз көзқарастарын білдіріп, қорытындысын шығарады.
Мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды сөздікпен жұмыс жасауға, қабілеті орта оқушыларды мағынасы анықталған сөздерді дәптеріне көшіріп жазып алып, есіне сақтауға бағыттайды.
4. Бекіту
4-тапсырма «Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісі
« Дұрыс сұрақтар құрылымы» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған білімі бекітіледі.
Неге ...?
Егер былай болса...?
Сен не істер едің...?
Түсіндіруіңді өтінемін...?
Сенің көзқарасың бойынша ...?
5.Салыстыру
5-тапсырма
Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген топтарымен отырады. «Лауазымды адам» рөліндегі оқушы постерлерді қабырғаға іліп болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінде тұрған екінші тапсырманы алып, топ мүшелеріне таратып береді. Әр топ мүшесі жеке тапсырма нұсқасымен танысады. Тапсырма нұсқасының астына роман үзінділері да жазылады. Топ мүшелерінің әрқайсысы «Идея» тәсілі бойынша шығармадағы кейіпкер мінезін беріп тұрған тілдік тәсілдерді түсіндіріп, өз идеясын айтады. «Лауазымды адам» олардың ойын ақ параққа жазып отырады. Топ мүшелерінің барлығы өз болжау ойларын айтып болғаннан кейін әр жұмыс «3 – 2 – 1» тәсілі арқылы қысқартылып, ең соңғы идея таңдалып алынады. «Лауазымды адам» топтың таңдаған болжау ойын келесі топқа апарып, олардың идеясымен таныстырады. Осылайша әр топ өз жұмыстарын екінші топпен салыстырып, болжау жұмыстардан бір жұмысты таңдап алады.
6.Бағалау
Топ спикері «Лауазымды адам» жұмыстың нәтижесін « Біз жақсы меңгердік..., Топ жақсы меңгерді..., Олардың идеясы ... болды, Сендер қазір 40 минут бұрын білмеген идеяны білесіңдер...» кері байланысы арқылы бағалап, қорытындылайды.
Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 369



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!