Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

 Дулат Исабеков «Әпке»  драмасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.3. 1 - көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақ мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.
Сабақ барысы:
1-сабақ
Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал орнату.
Оқушыларға сұрақ қойып, назарларын аудартып алу керек.
Қамажай кім? Оның қандай жақсы қасиеттері бар? Шығармадан Қамажайдың адамгершілік қасиеттерін көрсететін мысалдар келтір?
Тимур қандай жігіт? Оның қандай жақсы қасиеттері бар? Кәмила ше? Ол бақыт туралы не ойлайды?
Омар кім? Ол Қамажайды қалай қуантты? Жұмысқа қайда кетті? Гауһардың саналы қыз екенін қандай сөздерінен байқауға болады?
Нәзила неге Тимурға қарсы шыға береді? Тимур не үшін үйден кетіп қалды? деген сұрақтарға жауап береді.
Топқа бөлу. «Киімінің түсі бойынша» тәсілі арқылы 4 топқа бөлу керек.
Үй жұмысын сұрау.
1-тапсырма
Пьеса кейіпкерлеріне талдау:
1-топ - Қамажайдың інілері – Тимур, Омар, Ермек. Мәтіннен үзінділер алу, образдарды ашу.
2-топ: Құрбы қыздар – Нәзила мен Гауһар
3-топ: Камила мен Сұлухан
4-топ: Әпке – жанашыр адам (мазмұны арқылы мінездеме беру)
Дәптерге жазған мінездемелерін оқиды.
2-тапсырма.
«Менің сырым...» (10 минуттық эссе)
1-топ. Ер жігіттің міндеттері қандай болмақ?
2-топ. Қыз балаға ақыл-кеңестерім...
3-топ. Аға мен жеңгеге айтарым...
4-топ. Аман болшы, Әпкетай!
(Жазғандарын «Автор орындығы» әдісі бойынша ортаға шығып оқиды.)
Бағалау критерийі Дескриптор
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді Кейіпкерлерге мінездеме бере алады
Шығармадағы кейіпкерлерді жіктей алады
Кейіпкерге хат жаза алады
Қалыптастырушы бағалау
2 - тапсырма
Берілген кейіпкерлерді өзінің мінезіне сәйкестендіріңіз:
Қамажай Білімді, зерек, сыпайы
Омар Нәзиланың құрбысы
Темірбек (Тимур) Мұғалім болып жұмыс істейді
Ермек лақап аты - Ом.
Нәзила Темірбектің сүйген қызы.
Гауһар КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді
Кәмила (Кама) жаны ашып көмектесуге дайын тұратын кейіпкер.
Сұлтан үйінің кенжесі
Сұлухан (Светлана) өте ақылды адам
Қабен бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.
Көрші әйел Сұлтанның жанындағы қыз.
Бағалау критерийі Дескриптор
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді Кейіпкерлер мінезін сәйкестендіре алады
Кейіпкерлерге мінездеме бере алады
Шығарма кейіпкерлеріне талдау жасай алады
Қалыптастырушы бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 137



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі