Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №1 (8 сынып, III тоқсан )

 Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №1 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты: шығармашылық жазылым тапсырмасын орындау.
Сабақ барысы:
1. Қызығушылықты ояту мақсатында «Асыл әжем» әні тыңдатылады. Сөзін жазған – Қадыр Мырза-Әлі. Оқушылар әннің мына жолдарына назар аударып, сабақ тақырыбымен байланыстырады.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
Ж/Т. 1-тапсырма. «Білу қажет» кестесін толтыр.
Бізге не белгілі?
Біз не білеміз? Бізге нені білу қажет? Біз мұны қалай анықтай аламыз?
Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі жайлы алғашқы әңгімелерді айтушы – ӘЖЕ. Әже тағылымы,
өсиеті мен өнегесінің мән-мағынасы.
Ж/ЖЖ. 2-тапсырма. Креативті жазу
1-қадам: Оқушылар «Әжемнің осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты...» деген жолдардың мағынасын жұбымен талдайды. Әсіресе мына тіркестерге ерекше назар аударады:
ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты.
2-қадам: Батыр Бауыржанның өнегелі өмірі туралы жазба жұмысын әже айтқан аңыздар мен әке әңгімесінің өсиетімен, үлкендердің өнегесімен байланыстыра отырып орындайды.
3-қадам: жазғандарын жұбымен бірігіп отырып тексереді, «екі жұлдыз, бір тілекпен» бағалайды.
4. Мұғалім бақылау парағын толтырады.
Дескриптор
- кестені толтырады;
- үзіндіні талдайды;
-жекелеген сөздердің мағынасын ашады;
- батыр бейнесімен байланыстырады;
- креативті жазады.
Қабілеті жоғары оқушылар жазылым тапсырмасын шығармашылықпен орындаса, қабілеті төмендеу оқушылар батыр туралы білетін жалпы мәліметтерімен шектеледі. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 212



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі