Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Кие және Ана махаббаты (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Кие және Ана махаббаты (8 сынып, III тоқсан )


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жаңа жылда Аяз ата болғыңыз келсе...

Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Кие және Ана махаббаты
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И1. Әдеби шығарманың композициясы.
Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
Сабақ мақсаты: Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту. «1 минут» әдісі
 1 минуттың ішінде М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы не білетіндігі және түсінетіндігі туралы тоқтамай айта бастайды. Ал екінші оқушы жұбының пікірлерін толығымен ұғыну үшін тек мұқият тыңдап отырады.
 Экрандағы таймер тоқтаған уақытта әңгімелесу аяқталады.
 Жұбының пікірін тыңдаушы оқушы келесі жұпқа естігенін айнытпай айтуға тиіс.
 Экранда таймер қосылып, аралас жұптар қайта бастайды.
 Осылайша 5 минут уақыттың ішінде 5 жұпта түрлі байланыс орнайды.
 Оқушылардың әңгімелесуіне байланысты «бақылаушы парағы» толтырылады.
1-тапсырма. «Пирамидалық талқылау» әдісі
 Сынып алдынала бірнеше топқа бөлінеді.
 Әр топқа пирамиданың суреті салынған қағаздар таратылады.
 Бұл тапсырмада екі сұраққа жауап беру көзделеді.
 Бірінші сұрақ екінші сұрақтың негізін құруы тиіс.
 Екінші сұрақ оқушыларды тереңірек ойлануға ынталандыруы тиіс.
 Топ мүшелері өз бөліктеріне сұрақтар жазады
 Содан оқушылар қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауаптарымен танысады.
 Енді топ болып талқылап, екінші сұраққа жауап береді.
 Қағаздың ішіндегі кіші төртбұрышқа екінші сұрақтың жауабы жазылады.
 Жан-жағына бірінші сұраққа қатысты әр оқушының жауабы белгіленеді.
Сұрақ үлгілері:
 Поэмада көтерілген мәселе не?
 Ананы аққуды атуға итермелеген қандай күш?
 Поэма сендер ойлағандай аяқталды ма?
 Аққу туралы қандай өнер туындыларын білесіңдер?
 Тәуіп деген кім?
 Тәуіптің айтқан емі қазіргі медицинаға жата ма?
2-тапсырма.«Талдап білу»әдісі
 Оқушылар топ ішінде өзара атқаратын қызметтерін бөліп алады.
 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының экспозициясын бірінен соң бірі оқиды.
Талқылаушы -«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбын, сюжетін талдайды.
Белгілеуші - Оқиғаның басталуы бойынша сұрақ дайындайды.
(Жетімкөл туралы аңыздар.
Көл еркесі – сұлу аққулар.)
Байланыстырушы - поэмадан алынған үзіндідегі мәселені өмірмен байланыстырады.
(Ауру бала, тәуіп айтқан ем.)
Топ шешені - шығарма оқиғасының шиеленісуіне байланысты сөйлейді, ана махаббаты
туралы мақал-мәтел айтады (Аққуды атқан ана. Астан – кестен көл беті.)
Қорытындылаушы- оқиғаның шарықтау шегі мен шешіміне қорытынды айтып, баға
береді. (Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Кие қасіретін тартқан ана.)
-тапсырма. «Фишбоун» әдісі
 Талдау жасау үшін балық қаңқасы салынған қағаз таратылады.
 Басына поэма көтерген мәселені, үстіңгі сүйектерге поэманың негізгі түсініктерін,
астыңғы сүйектерге мәселенің шығу себептерін, құйрығына мәселенің шешімін жазады.
 Оқушылар мәселенің шешімін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.
поэманың негізгі түсініктері
поэма көтерген мәселе мәселенің шешімі
мәселенің шығу себептері.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Пісте шағу пайдалы ма зиян ба



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle