Атырау қаласы

 Атырау қаласы

Атырау - ардақты қалам

Атырау қаласы
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
3 сынып оқушысы Алмұрат Гүлдария Алмұратқызы
Сынып жетекшісі: Хайдарова Лаура Талаповна


Сүйікті Атырауым! Әр адамға өзінің кіндік қаны тамған жері ыстық. Ауылда туған адамға, қандай әдемі, қызығы қайнап жатқан қала болса да, өз ауылы қымбат болады. Мен үшін кіндік қаным тамған жерім - Атырауым ыстық. Мен оны еш жерге теңемеймін. Атырауым мақтасам, мақтауыма тұратын қала. Себебі, Жайығында балығы тулаған, мұнайы қайнаған, небір дана кісілер, ақындар, дарындылар дүниеге келген киелі жер. Махамбет, Исатай, Фаризадай және де т.б. бір туарларымызды мақтан етеміз. Атырауым жылдан жылға көркейіп, адам танымастай өзгерді. Халқында қазақы иісі бар, қонақжайлығы, тілі-діні бойына дарыған қазақтарды осы Атыраудан көруге болады. Атырау Азия, Европа деп екіге бөлінеді. Түнгі Атыраудың көрінісі адам таңғаларлықтай.
Атырауым - жасай бер!
Атырауым - жайнай бер!


Атырау - мұнайлы өлке

Әркімнің туған жері –Мысыр шаһары деп,бекер айтылмаса керек.Қасиетті де киелі, қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата-бабамның мекені.Атырау қаласы – облыс орталығы. Тарихы сырға толы қалам Каспий теңізінің жағасынан қырық километр жерде Жайық өзенінің тармақтала біткен атырауын алып жатыр. Бүгінгі күні сүйікті қалам адам танымастай өзгеріп, адамзат баласын таңқалдыруда.Кейде өзімде қаламның көркіне сүйсініп риза боламын.Әсіресе мереке кездері гүлдермен , жалаушалармен, шамдармен безендіргенде:
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем! –деген өлең жолдары ойыма түсіп, туған жерімнің көркіне риза боламын. Себебі туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті,киелі.Атырау қаласының бет-бейнесі өзгеріп, көше мен жолдар жаңартылды.Көптеген құрылыстар салынып, тұрғындар жаңа пәтерлерге қоныстанды.Атырау халқы Атырау облысының әкімі Бергей Сәулебайұлы Рысқалиевқа дән риза.Оны мен теледидардан көріп, баспасөз бетінен оқыдым. Осындай елін ойлайтын ағаларым көп болса ғой,шіркін!

Менің туған жерімнің халқы да өз елін сүйеді, оның дәлелі үш жарым ғасырдан астам болған туған қаласын аялап, оның өркендеуіне, көркеюіне қолдан келгенін аямай қызмет жасап келеді.Құтты мекен Атырау аймағының гүлденіп, жасаруына сексен төрт ұлттың өкілі тату өмір сүріп, еңбек етуде.Біздің халық – қонақжай, бауырмал,ақ көңіл халық.Біздің бауырмалдығымызға сенген алыс –жақын шетелдің адамдары менің өлкеме келіп, жұмыс жасауда. Талай қиыншылық кезінде де біздің халқымыз өзге ұлт өкілдеріне көмектескен.Менің нағашы әжем : «Ұлы Отан соғысы кезінеде ата қонысынан қуылған шешендерді паналаттық.Біздің үйде шешен қызы болды.Өзі сондай өнерлі. Біздерге шәлі тоқуды ,әдемі өрнектерді салуды үйретті.Өзі ақылды,сабырлы болатын,қолынан келмейтіні жоқ.Соғыс біткен соң еліне кетті,»- деп айтып отыратын.

Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Менің мектебімде де оннан аса ұлттың өкілдері оқиды.Біздер тату –тәтті бір ұлттың баласындай жан-жақты білім мен тәрбие алып жатырмыз. Осы оқу жылында «Тіл – татулық тірегі» атты тілдер фестивалін өткіздік. Бұл шарада әр түрлі ұлт өкілдері қазақша ән айтып, өлеңдер оқыды. Менің жүрегімді дір еткізген Захарова Анна мен Скобелкина Заринаның мәнерлеп жатқа оқыған өлеңі болды.Түрі өзге болғанмен жүрегі қазақ деп соққан апаларымның мектеп, облыс мақтанышына айналғанына мен де қуаныштымын.Қазан айында «Довира» атты украиндардың ұлттық –мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектебімізде кеш өтті.Бұл кеш те біздің достығымызды нығайта түскендей болды. «Ақпыз,қара, сарымыз – ағайынбыз бәріміз» деген тура бізге айтылғандай болды.

Қаланың көк тіреген зәулім үйлері мен сәулеті көз тартар құрлыс алаңдары құлашын кең жайып, қаланың келбетін ажарландыруда. Қала тұрғындарының саны да жыл өткен сайын арта түсуде.

Әсіресе маған қатты ұнайтыны қаладағы «Исатай - Махамбет» алаңы. Онда халықтың демалуы үшін жағдай жасалған. «Исатай- Махамбет» алаңында мейрам сайын мерекелік шаралар өткізіледі.Ат үстіндегі екі батыр бабамыз бізді емін-еркін ойнасын,көңіл көтерсін дегендей қасқайып тұрады.Махамбет бабамның отты жырлары әдемі тастарда жазулы. ...Найзағайлы жырындай бар ғұмыры
Махамбет, ол халқымның аспанында
алаулы таңғы нұры.
Махамбеттің сөйлеуі басқа тілде –
наркескеннің жарқыл мен жаңғырығы…

Бұл Ф.Оңғарсынованың Махамбет жырларын басқа тілге аударуға қарсылығы емес, аудармашыға ой тастағаны "Наркескеннің жарқыл мен жаңғырығына” теңдес Махамбет үнін түсінуге, "семсер өнерді” шын ұғуға, өжет жырлардың "бойлатпас заңдылықтарын”терең бағамдауға талпындырады. Алаңға шыққан сайын оқи жүріп, жаттап алдым.Қасымдағы достарыммен жарыса айтамыз.Махамбет бабамның жырлары көкірегіме батырлық сезімін ұялатады.Менің көкірегімді мақтаныш сезімі билеп, мен алмас қылыштай өткір жырлары бар Махамбеттің ұрпағымын деп айқайлағым келеді.Көшенің қақ ортасында тұрғаным есіме түсіп,өзімді жинап ала қоямын.Бұл алаңдағы әдемі гүлдер мен су бұрқағы да көрік беріп тұр. Осы алаңның қасында «Иманғали» мешіті бар. Ол екі қабаттан тұрады, екі үлкен зал: бес уақыт намаз оқитын зал, ерлер мен әйелдер намаз оқитын зал және Құран оқитын бөлме, медресе, кітапхана, ерлер мен әйелдер үшін таһарат алатын бөлмелер бар.Алаңның артында Орыс шіркеуі – Успен соборы Тайманов көшесі бойында,Гагарин көшесінің бұрышында орналасқан.Менің мектебіме қарай жүргенде халқымыздың біртуар ұлы академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші бар. Бұл жерде де су бұрқағы мен отыратын орындары мен алаң бар.
Қаладағы «Атырау» сауда үйі де балаларды өзіне шақырып тұрады. Әр бала үшін өз туған жері қашанда қымбат екенін мен жақсы білемін. Атырау қаласының орталық даңғылығында Сұлтан Бейбарысқа арнап ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Алматы облысы Куртин ауданынан әкелінген граниттен жасалынған. Облыс әкімі Тасмағамбетовтің қаулысымен 2000 жылы 1 ақпанда қаланың орталық даңғылына Сұлтан Бейбарыс аты берілді. Атырау қаласындағы халқымыздың даңқты ұлы Сұлтан Бейбарыс ескетркішін ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев сөзі: «...Бейбарыс, Абылай хан, Әбілқайыр, Әл-Фараби және басқа да тұлғаларды біз және біздің ұрпағымыз ұмытпауы тиіс. ...Әлем қазақтарды, олардың түп-тамырын және біздің қандай күшті екендігімізді және болатындығымызды білу қажет». Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналығын танытатын Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайы бар.
«Тарихты білмей өткенді қазіргі жағдайды білу , келешекті болжау қиын,»- деп ұлы данамыз Әбу – Насыр –Әл-Фараби айтып кеткендей, жәдігерлеріміздің тарихымен танысу үшін бұл мұражайлардан көп нәрсенің сырын ұққандай болдым.
Қаладағы автокөлік жолдарындағы автомобильдер көпірінің көптігі, қозғалыстың шапшаңдығы жолды кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге қиындық келтіре бастаған еді. Сондықтан қалада тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер өткелі салынды. «Абай алаңы» деп аталатын Сәтбаев-Пушкин көшелері қиылысында орналасқан. Оның қатарында зәулім «Марриотт» қонақ үйі тұр

Сондай-ақ, қалада салынып біткен ірі спорт ғимараттарының бірі де тұрғындарға есігін ашты. Ол - мұз айдыны сарайы. Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың дәл қасында орналасқан. Бұл кешенге қалалық ономастикалық комиссия және қалалық мәслихат шешімімен Халық Қаһарманы, қазақтың қайсар ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың аты берілді. Екі қатарлы ғимараттың үлкен мұз алаңы мен көрермендер орнынан басқа, қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жарақтандырылған жаттықтырушылар кабинеті, спортшылардың дайындық залы сияқты жиырмаға жуық бөлме бар.
Әсіресе, соңғы жылдары облыс орталығы – әсем Атырауымыз қалай жақсарып, ілгері басқанына біздер куәміз. Қала көшелеріне айшықты тастар төселіп, әдемі тротуарлар, жасыл-желек аллеялар, газондар мен гүлзарлар, бульварлар, сондай-ақ мәрмәр таспен айшықталған Жайық өзенінің жағалауы, сәнді тарихи ескерткіштер қала ажарына көрік қосты.

Сөйтіп Атырау бүгінде, қазіргі заманға сай өркениетті шаһарға айналды. Осы үрдісті сақтап, өрбіту тек биліктің ғана міндеті емес, әрбір тұрғынның парызы.Өйткені адам туған жерімен көрікті. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтуде. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің ару қалам,жанға сая болған мекенім Атырау!


Атырау - екі құрлыққа ортақ қала

Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991 жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі.

Атырау қаласында танымал Жайық өзені ағып өтеді. Жайық қаланы Ероупа және Азия аймақтарына бөледі. Әу бастан, қала Жайық өзенінің жағасында салынды, кейін 30 шақырымға шегінді.

Атырау қаласы салынғаннан кейін балық шаруашылығы мен мұнай өндіру саласы қарқынды дами бастады. Уақыт өте келе бұл салалар қаланың ғана емес, күллі елдің ірі салаларына айналды. Атырау қаласында республика бойынша тұңғыш рет мұнай тазарту, мұнай өндіруге қажетті құрал-саймандар шығару, балық консервілеу сияқты зауыттар тұрғызылып, іске қосылды.

2009 жылы өткізілген халық санағы нәтижесінде Атырау қаласының тұрғындарының саны 163 мыңға жеткен. Қалада жеті мешіт, бір православ мен үш протестант шіркеулері тұрғызылған.

Атырау климаты шұғыл континентальды. Жаз мезгілі өте ыстық, ауа-райы температурасы +40, +42°C-қа көтерілуі мүкін. Ал қыс мезгілі ызғарлы әрі суық болады. Ауа-райының орташа температурасы - -20, -25°C. Қатты жел мен шаңды дауылдар жиі болады.

Қалада қоғамдық көліктер жиі қозғалады. Әуежай, авто және темір жол вокзалдары тәулік бойы жұмыс істейді. Атырау әуежайы қаладан бес шақырым жерде орналасқан.

Атырау қаласы мәдени-танымдық және білім ордаларынан кенде емес. Мұнайшылар қаласына келген жандар қаланың мәдениет ошақтарын аралай алады. Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры, Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді. Сондай-ақ, музыка, спорт мектептері, Атырау мұнай және газ институты, Халел Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырау политехникалық колледжі т.с.с. білім ордалары жас мамандарды оқытады.

Қала көшелері кең әрі олардың атаулары ерекше. Атырау көшелерінің атаулары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Степан, Разин, Емельян Пугачев сынды тарихи тұлғалардың құрметіне қойылған.

Атырау қаласының заманауи сәулетінің Қазақстанның өзге қалаларынан еш айырмашылығы жоқ. Қаланың басты көрікті мекені - XIX ғасырда салынған Православ шіркеуі. Бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы ғимарат. Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі қаланың мақтанышына айналған. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.
Дайындаған: Ғазиза Ұзақ, дереккөз


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Adiya Togyzbai
    Adiya Togyzbai 11.02.2021 16:25
    0 + 0 -
    Құлсары менің қалам щығарма жазвнызшы
    1. ZHARAR 11.02.2021 22:58
      0 + 2 -
      Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
      Жылыой мұнай жəне газ технологиялық колледжінің
      II-курс студенті: Алуанов Асылхан Төлегенұлы
      Жетекшісі: Умбетова Багдагул Ояновна

      Сенен артық қасиет жоқ-ты, жер, тегi,

      Сен ұрпақтың күлiп атар ертеңi,

      Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,

      Көркейтуге мiндеттiмiн мен сенi – деп белгілі ақын Әбу Сәрсенбаев жырлағандай мен де туған жерімді көркейтуге өз үлесімді қоссам деймін...

      «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 25 жыл өтті. Қазақстанның жиырма бес жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен.

      Қазiр адамдар тiрлiктiң қамымен, балаларының болашағы үшін оқу-білім іздеп, мектебі бар жерлерге қоныстанды. Сол үшін де туған жерінен шалғайға кетуге мәжбүр болды. Сөйтсе де, олардың қай-қайсысы болмасын, “туған жерiм не болды екен?” деп, алаңдап, ата-баба мекенiн аңсап, сағынумен жүргені өтірік емес. Дәм бұйырып жатса, жүрегiн қолына ұстап, туған жеріне алып-ұшып жетері сөзсіз...

      Өйткені, олар кең даланың ауасын, сарқыраған суларын сағынады. Қыс өте, жайдары көктеммен келген жұпар ауасын, бусанған жер иiсiн, көгалын сағынады. Асық атып, балық аулаған, топырағына аунап, күн көзіне қақталған, асыр салып ойнаған, бірге жүрген достарын сағынады. Жалпы, туған жерге деген адам баласының сағынышы шексiз, атамекенін аңсамайтын адам бұл өмiрде жоқ шығар! Аңсамаса, сағынбаса «Туған жерім-байтақ елім» демес еді, әнге салып, жырға қоспас еді.

      Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.

Ілмектер: атырау туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, атырау каласы туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему атырау на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение казакша, казакша, шығарма, шыгарма, атырау каласы, шыгарма сочинение на тему атырау, атырау қаласы туралы шығарма, атырау туралы шығарма, Қазақша шығарма: атырау, Қазақша шығарма: атырау туралы казакша шыгарма, сочинения на казахском языке про атырау город, Қазақша шығарма, атырау туралы казакша шыгарма қазақша шығарма, атырау туралы шыгарма, сочинение на казахском языке про город атырау, на казахском языке скачать, на казахском языке, скачать, на тему атырау, атырау туралы, қазақстан қалалары туралы шыгарма шығарма сочинение, казакстан калалары туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, казакстан калалары каласы, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары, на тему казакстан калалары, города казахстана шыгарма шығарма сочинение на казахском скачать, atyrau turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, atyrau kalasy turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, shygarma shyғarma sochinenie na temu atyrau na kazahskom yazyke skachat, shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, kazaksha, shyғarma, shygarma, atyrau kalasy, shygarma sochinenie na temu atyrau, atyrau қalasy turaly shyғarma, atyrau turaly shyғarma, Қazaқsha shyғarma: atyrau, Қazaқsha shyғarma: atyrau turaly kazaksha shygarma, sochineniya na kazahskom yazyke pro atyrau gorod, Қazaқsha shyғarma, atyrau turaly kazaksha shygarma қazaқsha shyғarma, atyrau turaly shygarma, sochinenie na kazahskom yazyke pro gorod atyrau, na kazahskom yazyke skachat, na kazahskom yazyke, skachat, na temu atyrau, atyrau turaly, қazaқstan қalalary turaly shygarma shyғarma sochinenie, kazakstan kalalary turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, shygarma shyғarma sochinenie na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, shygarma shyғarma sochinenie na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, kazakstan kalalary kalasy, shygarma shyғarma sochinenie na temu kazakstan kalalary, na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana shygarma shyғarma sochinenie na kazahskom skachat