Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
Сабақ мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Маңдайдағы стикер» әдісі
Ортаға өз қалауымен бір оқушы шақырылады. Мұғалім оқушының маңдайына стикерге жазылған дастандағы кейіпкердің атын жапсырады. Қалған оқушылар кейіпкердің есімін айтпай, портреті, іс-әрекеті, туыстық қарым-қатынасы т.б. арқылы жұмбақтап сипаттайды. Маңдайына стикер жабыстырылған оқушы кейіпкердің кім екенін табуға тырысады.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады. Топқа бөлу.
Мағынаны тану
1-тапсырма ЖЖ. Әңгіме кестесі
Оқушылар шығармадан кейіпкерлерге берілген тура және жанама мінездемелерді теріп жазады.
Кейіпкерлер Тура мінездеу Жанама мінездеу
Еңлік
Кебек
Кеңгірбай (Қабекең)
Қараменде
Нысан абыз
Көбей
Бағалау парағы
Бағалау критерийі Дескриптор
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады.  кейіпкерге тән тура/жанама мінездеулерді анықтайды;
кейіпкер мінезін беріп тұрған тілдік тәсілді түсіндіреді.
Қалыптастырушы бағалау.
Жұптар жұмыстарымен алмасып бағалау критерийіне сүйеніп тексереді, дұрыс жауапқа құсша белгісін қояды, қате жауапты ақылдасып түзетеді.
2- тапсырма ТЖ. Образдық талдау
1-топ.
Кейіпкер іс-әрекеті, сөз саптау, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Кебек образын ашыңыз.
Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы
Кебек қандай образ?
Кейіпкердің
іс-әрекеті Сөз саптасы, ойлау ерекшеліктері
2-топ.
Кейіпкердің басқалармен диалогы, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер, суреттемелерді тауып, шығармадан дәлелдер келтіріп, Еңлік образын ашыңыз.
Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы

Еңлік қандай образ?
Диалогтағы кейіпкер бейнесі Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер, суреттемелер
3-топ.
Кейіпкердің басқалармен қарым-қатынасы, қақтығысы, қоршаған ортаға көзқарасына шығармадан дәлелдер келтіріп, Кеңгірбай (Қабекең) би бейнесін ашыңыз.
Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы
Кеңгірбай (Қабекең) би қандай образ?
Кейіпкердің басқалармен қарым-қатынасы, қақтығысы
Қоршаған ортаға көзқарасы
4-топ.
Кейіпкердің адами қасиетін анықтау, оның оқырманға әсеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Нысан абыз образын ашыңыз.
Автордың кейіпкерге берген сипаттамасы
Нысан абыз қандай образ?
Кейіпкердің адами қасиеттерін анықта Кейіпкердің ұнамды қасиетінің оқырманға әсері
Қалыптастырушы бағалау.
Топтар орындаған жұмыстарын «Карусель» әдісімен жылжыта отырып оқиды, бір-бірінің жұмысын комментарий жазу арқылы бағалайды.
3- тапсырма ТЖ.
Актерлер ойыны дастанның қай оқиғасымен сәйкес екенін анықтайды. Актерлердің кейіпкерлерді суреттеу шеберлігінің дастанда суреттелген кейіпкерлер образымен ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырады, өз постерлерін қорғау арқылы пікірталасқа түседі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 985



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі