Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ел тәуелсіздігін аңсау (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ел тәуелсіздігін аңсау (8 сынып, II тоқсан )


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ел тәуелсіздігін аңсау
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы
Сабақ мақсаты: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Мен саған сенемін
Құрманғазының «Сарыарқа» күйі баяу ойнап тұрады. Оқушылар жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады.
Жұптағы оқушылар сыңарына «Мен саған сенемін, өйткені сен терең ойлы адамсың. Ақынның тәуелсіздікті аңсаудағы мақсатын түсіндіре алатыныңа сенімдімін» - деп бір-бірінің сөзін жалғастырып, дәлелдер келтіріп сұхбатқа түседі.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Мағынаны тану
1-тапсырма. « PEST» әдісі
Мақалада көтерілген М.Мөңкеұлының шығармашылық қарымына қатысты мәселені жан-жақты қарастырады.
Мұрат сөздерінің елге тиген әсері өте күшті. Мұраттың сөзі өте қадірлі саналған, ел ішіне көп жайылған.
Мұратты білмейтін Бөкейлікте, Оралда, Маңғыстауда адам жоқ десе де болғандай.
Он тоғызыншы ғасырдың екінші бөлімінен соң шыққан қара ақындардың көбі Мұраттың шәкірттері.
Міне, қысқаша айтқанда, Мұраттың өлеңдерінің ішкі маңызы. Өлеңдердің сырт жағына келсек, Мұраттың тілі – әдебиетімізге негіз болған ел әдебиетінің тілі.
Мұраттың өлеңдерінде қазақтың ел әдебиетіндегі жыр, толғау, айтыс, мақтау, хат, асқақ, жоқтау секілді өлеңдерінің бәрі бар. Әдебиет тарихына Мұраттың сөздерінің керектігі шексіз нәрсе.
Халел Досмұхамедұлы
1-топ. Саяси мәселені қарастырады
• Мақаладан қандай саяси мәселені көре алдыңыз?
• Сіз анықтаған саяси мәселеге ақынның қатысы қандай?
• Саяси мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?
2-топ экономикалық мәселені қарастырады
• «Үш қиян» өлеңінде қандай экономикалық мәселе қозғалады?
• Сіз анықтаған экономикалық мәселеге мақаланың қатысы қандай?
• Экономика мәселесіне байланысты автор қандай көзқарас танытады?
3-топ әлеуметтік мәселені қарастырады
• Шығармада қандай әлеуметтік мәселені көре алдыңыз?
• Сіз анықтаған әлеуметтің мәселеге мақаланың қатысы қандай?
• Әлеуметтік мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?
4-топ технологиялық мәселені қарастырады
• Шығармада қандай технологиялық мәселені көре алдыңыз?
• Сіз анықтаған технологиялық мәселеге мақаланың қатысы қандай?
• Технологиялық мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?
2-тапсырма. Үш қадамды сұхбат
1. Оқушыларға «Үш қиян» өлеңінен үзінділер таратылады.
2. Оқушылар топпен үзіндіні оқып, әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды.
3. Негізгі ақпаратты анықтайды.
Анықтау. М.Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі материалдық және рухани құндылықтарды анықтайды.
Салыстыру. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі сәулет өнері, сөз өнері, туған жерге, тәуелсіздік, болашаққа деген сенім ұғымына қатысты құндылықтарды біздің заманымыздағы құндылықтармен салыстырады.
Бағалау. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі материалдық және рухани құндылықтарды өз көзқарасын тұрғысынан қорытып, жаңашылдығына баға береді.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді бір-бірін сендіре отырып, сқхбатқа қатысады
топта « PEST» әдісі бойынша мәселені жан-жақты қарастырады
мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырады
сұраққа пікір айтып талқылайды
өлеңдегі материалдық және рухани құндылықтарды анықтайды
құндылықтарды біздің заманымыздағы құндылықтармен салыстырады
құндылықтарды өз көзқарасын тұрғысынан қорытындылайды
құндылықтардың жаңашылдығына баға береді.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Күнделікті тіршіліктегі жағдайларда қолданылатын ағылшын тілін үйрену сабақтары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle