Қорқыттың нақыл сөздері №3 (8 сынып, I тоқсан )

 Қорқыттың нақыл сөздері №3 (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• шығарманың құндылығын гуманизм тұрғысынан талдайды;
• әдеби эссе жазу жолдарын меңгереді.
Сабақ барысы:
1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
2. Оқушылардан эссе жайында өздері білетін ақпараттар сұралады, мұғалім тарапынан қосымша мәліметтер беріледі.
1.Эссе түрі қандай? (суреттеу эссе (табиғат, адам), «келісу, келіспеу» эссесі, «артықшылығы мен кемшілігін» талқылау эссесі, «деректендірілген» (аргументативті) эссе, әдеби эссе т.б.)
2. Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұра ма? Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды, яғни, оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.
3. Негізгі бөлімде бір немесе бірнеше абзац бар ма? Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, басты ойы талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.
4.Қорытынды бөлімі негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден құралады.
Сонымен қатар эсседе ойдың бірізділігі сақталуы тиіс. Жалғаулық шылаулар мен есімдіктер (сілтеу, жалпылау, т.б.) де орынды қолданылуы қажет.
5.Қорқыт ата ескерткіші туралы бейнематериалды тыңдай отырып эссеге қажетті ақпаратты алу.
3. Жаңа сабақты меңгеру.
Оқушылар Қорқыт атаның нақыл сөздерін қайта оқып, бірін таңдайды. Өздері таңдаған нақылды тарқатып эссеге айналдырып жазады. Мысалы, «Өтірік сөз өрге баспайды», «Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді» т.б.
Эссе тақырыбы: «Қорқыт ата тағылымы»
Кіріспе бөлімі: Адам баласы өз ортасына жақсы мінез-құлқымен ғана қадірлі болмақ. Қадірін кетіретін де қасиеттері бар, соның бірі – өтірік айту. Өтірік - ...
Негізгі бөлімі: Өтіріктің үлкен-кішісі жоқ. Халық даналығы «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» десе, Қорқыт бабамыз ...
Күнделікті өмірде көптеген жағдаяттар кездеседі. Мысалы, ...
Қорытынды бөлім: Өтіріктің ең үлкен «ағайыны» білімсіздік деп білемін...
Қабілеті жоғары оқушылар эссе тақырыбын жан-жақты аша алады, ал қабілеті төмендеу оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Дескриптор
- Қорқыттың нақыл сөздерін шолып оқып шығады;
- эссе тақырыбын ашатын афоризмін таңдайды;
- оны эссеге айналдырып жазады;
- гуманизм тұрғысынан талдайды;
- эссе құрылымын сақтайды.
4.Оқушылар жазған эсселерін «Автор орындығында» оқиды.
5. Оқушылар мен мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі: «Екі жұлдыз, бір тілек»......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 936



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі