Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 4-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 4-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.1.1 композицияны тұтастан-бөлшекке, бөлшектен-тұтасқа қарай талдау
Сабақ мақсаттары: жырды композициялық құрылысы жағынан талдау, жеке бөлім-бөлшектерін ажыратып әрі бөлшекті бүтінмен ұштастыра қарастыру.
Сабақ барысы:
Сынып оқушылары қызыл, көк және жасыл түсті стикерлер бойынша жұптасады.
1.Өтілген тақырыпты жүйелеу.
«Шатасқан оқиғалар тізбегімен» жұмыс
 «Ендеше оған ат қоятын мезгіл өтіп те кеткен екен» деп, Байбөрі барлық оғыз елінің бектерін шақырып, той қылды.
 Ішкі және тысқы оғыздардың Баяндүр хан тойына жиналды.
 Көпестер балаға жақындап келіп, оның қолынан сүйді.
 Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді.
 Саудагерлер ұйқыда жатқанда, бес жүз гәуір олардың қосына тиіп, дүниелерін тонап алады.
 Байбөрі бек өзінің саудагерлерін шақырып алып, бұйрық берді.
 Екеуі далаға барып, ат жарыстырып еді, Байрақтың аты озып шықты.
 Байбөрінің баласы атына мініп аңға шықты, аңдарды қуа-қуа ол әкесінің отардағы малдарына келді.
 Жас жігіт үйіне келіп, әкесіне көпестердің келіп жеткенін айтты.
 Жігіттің көзі теңіз жылқысы шұбар айғырға, темірден соққан шоқпарға, еменнен істелген садаққа түсті. Оған ұнаған осы үш нәрсе болған еді.
Дұрысы:
1.Ішкі және тысқы оғыздардың Баяндүр хан тойына жиналды.
2.Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді.
3.Байбөрі бек өзінің саудагерлерін шақырып алып, бұйрық берді.
4.Байбөрінің баласы атына мініп аңға шықты, аңдарды қуа-қуа ол әкесінің отардағы малдарына келді.
5.Саудагерлер ұйқыда жатқанда, бес жүз гәуір олардың қосына тиіп, дүниелерін тонап алады.
6.Жігіттің көзі теңіз жылқысы шұбар айғырға, темірден соққан шоқпарға, еменнен істелген садаққа түсті. Оған ұнаған осы үш нәрсе болған еді.
7.Жас жігіт үйіне келіп, әкесіне көпестердің келіп жеткенін айтты.
8.Көпестер балаға жақындап келіп, оның қолынан сүйді.
9.«Ендеше оған ат қоятын мезгіл өтіп те кеткен екен» деп, Байбөрі барлық оғыз елінің бектерін шақырып, той қылды.
10.Екеуі далаға барып, ат жарыстырып еді, Байрақтың аты озып шықты.
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. ЖЖ. 1-тапсырма. «Пікіріңді дәлелде» стратегиясы
Сыныптағы оқушылар қызыл, көк және жасыл түсті стикерлер бойынша жұптарға бөлініп, берілген жағдаяттарға байланысты өз пікірлерін дәлелді жеткізеді. Қызыл түсті стикер алған оқушы берілген пікірмен келіседі, көк түсті стикер алған оқушы пікірге қарсы пікір айтады. Ал жасыл түсті стикер алған 2 оқушы төреші рөлінде болады.
4. 1-жағдаят. Жырдағы қызбен күресу салты. Бамсы-Байрақтың Бану-Шешекпен танысуы. Қыз артынан іздеп келген
жігіттің бесіктен атастырған күйеуі екенін білген соң, өзін алу үшін үш шарт қояды. Бірінші, екеуі ат жарыстырады, екінші, мергендік сайысына түседі. Соңында екеуі күреске түседі.
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, бұл матриархат дәуірінің көрінісі ме әлде ата салтымыз ба?
5. 2-жағдаят. Оғыздар заманында жігіт үйленер болса, әуелі садақтан оқ атып, сол оқ түскен жерге қалыңдық шатыры тігілуші еді. Байрақ та сондай оқ атты. Сол оқтың барып түскен жеріне оңаша отау тігілді.
Сұрақ: Бұл дәстүр бүгінгі күні сақталған ба? «Қыз Жібек» фильмімен байланыстыра отырып тұжырым жасаңыз.
6. 3-жағдаят. Дастанда құдалық, қалың мал беру жөнінде әңгімелер кездеседі. Айталық, Бамсы-Байрақ Бану-Шешекпен кездесіп уəделескеннен кейін, Байбөрі құдалыққа сөйлесуге, оғыз бектерінің ұйғарымы бойынша, Қорқыт атаны жібереді.
Сұрақ: Не себепті құдалықты келісуге Қорқыт атаны жібереді? Қазірге кездегі үйлену дәстүріне ой жүгіртіңіз.
Қабілеті жоғары оқушылар жыр композициясына талдау жасайды:
Оқиғаның басталуы (Қам-Ғанұлы Баяндүр ханның ала шатырын құрғызып, той жасауы)
Оқиғаның байланысуы (Байбөрі бектің қайғыруы)
Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі
Қабілеті төмендеу оқушылар жағдаяттар мазмұнын баяндап береді.
Дескриптор
- жағдаяттардың мағынасын түсінеді;
- өз пікірін дәлелді жеткізеді;
- композициялық талдау жасайды.
7. Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 042



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?