Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы 5-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы 5-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы 5-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
8.А/И1.Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
Сабақ мақсаты: Толғау композициясын жан-жақты талдайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
 Бір-біріңізге «Көңілді доп» ұсыну арқылы өткен сабақтағы жыраудың арманын айтып шығыңыздар. Мысалы, күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді міну; күдеріден бау тағып, ақ кіреуке кию; т.б.
Мағынаны тану
1- тапсырма Ж.
Толғау мәтініндегі түсініксіз сөздерді сөздіктен көз жүгіртіп қарап шығыңыздар.
Сөздік:
Желі – құлындаpды байлау үшiн екi қазыққа кеpе таpтылған аpқан.
Жомарт Атымтай – Шығыс фольклорында өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам.
Нөкер – хан мен бек, сұлтандаpдың қасында жүpетiн қошеметшiсi, қызметшiсi, сеpiгi.
Ойпаң жер – төмен, ойлау жеp.
Қыраң жер – сәл биiктеу, дөңес жеp; қыpат.
Барақ – жүні ұзын, жүндес ит.
2-тапсырма Ж.
«Блум түймедағының» әр күлтешесі ретімен толғау мазмұнын айтып шығыңыз. Толғау композициясында қандай ерекшеліктер болатынын байқадыңыздар?
3-тапсырма ЖЖ.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Халықтың бейбіт, бақытты өмірін жырау қалай елестетеді?
2. Жыраудың
«Қиуадан ақыл алатын,
Қияннан айла табатын
Ерлерден салсам нөкерді
Дұшпаннан кекті алатын!» деуінің мәні неде?
3. Толғаудағы ұлттық ұғымға тән ерекшеліктерді атаңыз.
4-тапсырма ТЖ.
Толғау мазмұнын (өткен сабақтағы үзіндіні қоса алып) «ұстаным», «мүдде», «қажеттілік» формуласы бойынша жинақтап, автордың арманды сұрақтарына түйінді пікір білдіріңіздер.
Тапсырма орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ өз пікірін қорғайды. Басқалары келісетін/келіспейтінін дәлелмен түсіндіреді.
Қалыптастырушы бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 258



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!