Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылар хикмет шумақтарымен алты топқа бөлінеді.
Мағынаны тану
1- тапсырма Ж. «Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. «Даналық кітабы» мен Қорқыт Ата өсиеттерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
2- тапсырма ТЖ.
«Ақпаратты іріктеп, тұжырымдау»
«Қожа Ахмет Йассауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны» деген тақырып бойынша «Даналық кітабының» идеясын, тарихи-көркемдік құндылығын бағалайды:
а) обьективтілігі;
ә) шынайылығы;
б) толықтығы;
в) өзектілігі;
г) құндылығы;
ғ) түсініктілігі.
Қорғау кезінде автордың жеке қөзқарасын, түйіндеген идеялық ойларын тұжырымдайды.
Топтар өз постерлерін қорғайды.
Бағалау парағы
Критерийлер Рубрикалар
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың тарихи құндылығын ашады.
Мәтіннен нақты мысалдар келтіру арқылы көркемдік құндылығын зерттейді.
Өз ойларын шығарма мазмұнына сүйене отырып, дәлелді түрде сенімді жеткізеді.
Қалыптастырушы бағалау.
3-тапсырма ЖЖ. «Керемет пікірталас»
Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша пікірталасқа түседі:
1. «Даналық кітабының» философиялық тереңдігі неде? Тарихи құндылығына тоқталыңыз.
2. «Даналық кітабының» көркемдік құндылығына дәлелмен пікір білдіріңіз.
3. Сіз үшін ең маңызды үш фактіні атаңыз. Неліктен? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Оқушылар өз жауаптарында автордың тіл шеберлігі мен даналық ойларының тарихи және көркемдік құндылығына баға береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 979



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі