Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

 Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтыңтақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту
Сабақ мақсаты Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінен үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға доп беріледі. Допты қағып алған оқушы Шортанбай ақын өмір сүрген заманды сипаттайтын белгілерді танытатын сөз не сөз тіркесін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Қажетті сөздер: тар заман; азулыға бар, азусызға тар заман т.б.
Топқа бөлу
Оқушылар өлең шумақтарымен топтарға бөлінеді.
Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар түсіндіріледі.
1-тапсырма Ж/ЖЖ/ТЖ/С.
(дифференциацияға негізделген тапсырма)
Қадамдары:
 оқушыларға өздеріне ұнаған өлең үзіндісін жаттауға 10 минут беріледі. Олар кемінде 3 шумақ жаттап үлгеруі тиіс.
 Тапсырманы орындау уақыты аяқталған соң, жаттағанын жұбына айтып береді.
 Жақсы жаттағаны тобына айтады.
 Топтағы ең жақсы жаттаған оқушы «Автор орындығында» айтады.
 Қалған топтар «Автор орындығында» отырған оқушыға жаттаған үзіндінің мазмұны бойынша кемінде 2 проблемалық сұрақ қояды.
 Топтарға А3 парағы беріледі. Әр топ «Дастархан» әдісімен жаттаған үзінділерін таңдап алу себептеріне 2-3 дәлел келтіріп, өз ойларын (30 сөз) параққа жазады.
 Парақтың ортасына таңдап алу себептеріне қатысты ортақ пікірлерін жазады.
 Сағат тілі бағытымен жылжыта отырып, әр топ басқа топтың жұмысымен танысып, баға береді.
Кері байланыс
Тапсырмаларды орындауда қиындықтар болды ма?
Неге назар аударар едіңіз?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 671



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі