Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

 Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: 7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Сабақ басталмас бұрын мұғалім оқушылардың өткен сабақта қазіргі заман ағымы жайлы жеке параққа жазып келген 5 жолды өлеңдерін жинап алады.
Ынтымақтастық атмосферасын құру
«Сенімділік» жаттығуы
Шарты: оқушыларға ақ парақтар таратылып, ортасынан екіге бөлу тапсырылады. Бір бөлігіне өздерінің жақсы қасиеттерін, екінші бөлігіне жағымсыз қылықтарын жазады. «Балалар, осы парақтың сіздердің жақсы азамат не азаматша болып өсуіңізге көмектесетін бөлігін жыртып, өзіңізге алып қалыңыз, екінші бөлікті (жағымсыз қылықтарды) умаждап, қоқыс жәшігіне салыңыз.
Мұғалім оқушылардың қазіргі заман ағымы жайлы жеке параққа жазып келген өлеңдерін жинап алады.
Топқа бөлу
Оқушылар Шортанбай Қанайұлы шығармаларының атауларымен топтарға бөлінеді.
Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар түсіндіріледі.
1-тапсырма ЖЖ.
Жұптарға өлең жолдары бөлініп беріледі. Олар өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды (символ, синекдоха, эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) тауып, төбесіне көркемдегіш құрал түрін жазып қояды.
2-тапсырма ТЖ.
Оқушылар топқа бірігеді. Мәтіннен тапқан көркемдегіш құралдарды талқылап, «Фишбоун» әдісі арқылы сызбаға түсіреді. Сынып алдында қорғайды.
Орындалу барысы:
басы – тақырыптың мәселесі;
үстіңгі сүйектері – көркемдегіш құрал түрлерін жазу;
астыңғы сүйектері – көркемдегіш сөздерге мәтіннен
тапқан мысалдарды жазу;
құйрығы – шығарманың көркем тілі жайлы түйінді сөз.
Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.
3-тапсырма ТЖ.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, ақын шығармаларының көркем тілі жайында ортақ ойларымен бөліседі. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 071



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі