Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ (7 сынып, I тоқсан )

  Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Сабақтың тақырыбы: Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын біледі
Оқушылардың көбісі: шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады
Оқушылардың кейбірі: шығарма сюжетіне талдау жүргізеді, өзіндік көзқарас танытады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Сыныпты cурет арқылы 4топқа бөлу. Әр топ өздерінің суреттері бойынша білетін ақпараттарын айту үшін топта 1минут талқылайды. Оқушылар жауабы тыңдалады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, жетістік критерийі таныстырылады.
Мағынаны тану
«Түртіп алу» әдісі.
Оқушыларға https://www.youtube.com/watch?v=dE46jWbdDZI сілтемесіндегі бейнебаянды көреді. (Мұғалім қажет деген тұстарын көрсетеді). Оқушылар қажетті ақпаратты дәптерлеріне түртіп жазып алады. Жазып алған ақпараттарын сабақ барысында қолданады.
Тапсырма 1
«ДЖИГСО» әдісі.
Оқушылар тапсырманы топта орындайды. Әр топқа шығармадан үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіні топта оқып, мазмұнын талқылайды.Топтан бір спикер таңдалады. Спикер өз топтарына берілген үзіндінің мазмұнын басқа топтарға барып түсіндіреді.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Шығарма мазмұнын біледі Шығарманы мазмұндайды
Ойын жүйелі, түсінікті жеткізеді
Бағалау. «Дауыс беру» әдісі
Оқушылар спикерлерді дауыс беру арқылы бағалайды. Әр оқушы бір спикерге ғана дауыс бере алады. Шығарма мазмұнын жақсы түсіндіре білген әрі әсерлі етіп жеткізген спикерге дауыс береді
Тапсырма 2
Оқушылар сынып болып шығарманың композициялық құрылымын ажыратады және оны тақтаға жазады. (Мұғалім қажет болған жағдайда оқушыларға көмек береді, бағыттайды)
Шығарманың басталуы....
Шығарманың дамуы...
Шығарманың шиеленісуі...
Шарықтау шегі...
Шығарманың шешімі...
ЖЖ
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Әр жұпқа шығарманың композициялық құрылымы бөлініп беріледі. Оқушылар төмендегі кестені толтырады. (Мұғалім тапсырманың орындау уақытын бекітеді, қадағалайды)
1-жұп. Шығарманың басталуы
2-жұп. Шығарманың дамуы
3- жұп. Шығарманың шиеленісі
4- жұп. Шығарманың шарықтау шегі
5- жұп Шығарманың шешімі.
Бағалау критерийі
Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектеріне талдау жасайды Шығарманың композициялық бөліктеріне тақырып қоя алады
Шығарма бөліктерінің идеясын анықтай алады
Шығарма бөлігіндегі көтерілген мәселені біледі
Шығарма бөлігіне қорытынды шығара алады
Бағалау. «Шеңбер бойымен бағалау» әдісі. Жұптар кестелерін шеңбер бойымен бір –біріне берді, критерий бойынша бағалайды, комментарий жасайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 387



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі