Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )

 Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет.
Бөлім тақырыбы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны
Оқу бағдарламасына сілтеме: А/И2. Автор бейнесі
Сабақтың мақсаты: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды Елтаңба, Мемлекеттік ту, Тәуелсіздік және Қазақ елі монументтері суреттері бойынша топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын пысықтау. Жұп топ сынып: оқушылар үй тапсырмасын жұбына әңгімелейді, жақсы шыққан жауапты топта, сыныпта әңгімелейді.
Оқу мақсаты, бағалау критерийлерін, құндылықтарды таныстыру, талқылау.
Қызығушылықты ояту
Т. Оқушылар «Егеменді ел» сөзіне кластер жасайды.
Бағалау: «Шапалақ соғу». Оқушылар топ болып келісе отырып, басқа топтың жұмыстарын бір (орта), екі (жақсы), үш (өте жақсы) рет шапалақ соғып, бағалайды.
Мағынаны тану
Т.Тапсырма: жауапты автордың астарлы мағынада көтерген мәселесімен байланыстырып беріңіз.
1-топ
Сұрақ Жауап Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)
Архат неліктен төрт айдан бері пропискаға тұра алмай жүр? Оның мекен-жайға тіркеле алмауынан нені аңғаруға болады?
2-топ
Сұрақ Жауап Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)
Автобустағы үш жігіттің басынан қандай оқиға өтті? Үш жігіт арқылы автор нені көрсеткісі келді?
3-топ
Сұрақ Жауап Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)
Архаттың басынан өткен оқиғаларды қалай бағалар едіңіз? Осы арқылы автор оқырманға нені жеткізгісі келді?
4-топ
Сұрақ Жауап Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)
Жолаушылар-ды алда қандай қиындықтар күтіп тұр еді? Ауа райы мен адамдардың іс-әрекеті арқылы автор нені көрсеткісі келді?
Дескриптор:
- сұраққа жауап береді;
- автордың астарлы түрде көрсеткісі келген мәселесін анықтайды.
Бағалау: «Шапалақ соғу».
Ой толғаныс:
«Ал әйгілі желтоқсанның жөні тіптен бөлек. Ол үшін өліп кетсең де арман жоқ...» деген Архаттың ішкі ойын өз сөздеріңмен жалғастырып, бір минуттық эссе жазыңдар.
4-5 оқушы жазған эссесін «Автор орындығында» отырып оқиды.
Дескриптор:
- көзқарасын білдіреді;
- дәлел келтіреді;
- сөз саны – 40-50 сөз.
Бағалау: «Шапалақ соғу». ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 355



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі