Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 3-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

 Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 3-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 3-сабақ
Сабақ мақсаты: 6.А/И2.Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Автор бейнесі деген терминді қалай түсінесің? деген сұраққа оқушылар жауабын мұғалім тақтаға немесе флипчартқа жазады (Оқиғаны баяндаушы, жазушының өзі)
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Көркем шығармадан алынған үзіндіні оқы. Автор бейнесін анықта.
Хикаяттан үзінді Туындаған сұрақ Менің тұжырымым
Біз санымызды шапақтап уралап, ауылдың шетіндегі ат қораға қарай
жүгірдік. Арт жағы аласа тас қораның үстіне тырмыса-тырмыса шығып
алдық та, сол күні ғана Қараойдан әкелінген көк жауқазын шөпті үңгіпүңгіп жіберіп, отыра-отыра кеттік. Жасы нешеде?
Біз ертегілердің бәрін Аянның өзі күнделікті ойлап шығаратынын
білсек те, оған пәлендей мән бермеуші едік. Бар білетініміз: Аян күнде неше
түрлі ертегілерді ойлап кеп, кешкілік бізге айтып беруі керек, ал біз ұйып
отырып тыңдағанды ғана білеміз. Ертегі ойлап шығару оңай ма, қиын ба, ол
жағында еш шаруамыз жоқ. Автордың Аянға деген көзқарасы қандай?
Үйге келсем, төсектер салулы, бірақ ешкім жатпапты. Атам екі көзі
қанталап, терісіне сыймай тырсылдап ашулы отыр, апам көзін сығымдап
жылап отыр. Не болды екен деп шошып, босағада тұрып қалдым.
– Өй, аузыңды ұрайын, жаман неме! – деді атам жекіріп. – Тұржанның
тепкісін Аянмен бірге көрсең етті... Жаны тәтті шірік, көрінбе көзіме!..
Мен үн-түнсіз жер шұқылап босағада тұрдым-тұрдым да, мұнан өзге
ештеңе айтылмаған соң, аяғымды, сырт киімімді шешіп, төрге өттім. Тамақ
сұрап ішуге бата алмай, сыбдырсыз шешініп, төсегіме жаттым. Атасы неге ашуланды? Кейіпкердің әрекетіне сен қандай баға берер едің?
2- тапсырма
Үзіндіні оқып, кейіпкер өмірін суреттеп айт.
Таңдайымыз кеуіп, қаңырығымыз түтеп, қарнымыз ашып, қамшы сілтеуге
әліміз құрып, бас айналып, көз қарауытып, қалғып-мүлги бастаған кезімізде
соқа ұстаған әйел баяу үнмен:
– Әй, ұл, айдасаңшы өгізіңді, – дейді.
3- тапсырма
Үзіндіні оқы. Хикаят қай жақтан баяндалған?
Автордың басынан осы жағдайлар өтуі мүмкін бе?
Кейіпкердің Аянмен қарым-қатынасы қандай?
Мен жұмысыма кеттім. Күні бойы өгіз үстіндегі жалғыз тілеуім:
«Шіркін-ай, Аянның ағасы тезірек қайтса екен» – деу болды.
_______________________
4-тапсырма
Авторға арнап өзіңді толғандырған үш сұрақ қой.
Тапсырманы жүзеге асыру үшін «Автор орындығына» мұғалім өзі отырып, сұрақтарға жауап береді, келесінде автор орындығына оқушы шақырылып, сұраққа автор ретінде сенімді жауап береді.
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушының қиялын дамытып жазуға арналған:
1. Ойша қиялдап көр, Аян қазір біздің заманымызда өмір сүрсе қандай болар еді?
2. Ары қарайғы тағдыры қалай дамыды?
3. Сыныптың басқа мүшелерінің пікірін анықта. Жауаптарын диктафонға жаз.
Жауаптарды сұрыпта. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 088



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?