Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

 Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Қажымұқан» хикаятындағы барлық кейіпкерлерді тізімдеп дәптерге жазады
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Оқушылар алты топқа бөлінеді. Топтағы оқушы саны алтау болса, «ақылдың алты қалпағын» өзара бөліп алып, берілген тапсырмаға сай жұмыс істейді.
1. Татарша орама жағасы бар, мақталы ұзын шапан киген екеу келіп, тұманды боз қырау басқан есіктің қоңырау тетігін басып тұр...
- Келген екеу кім?
- Олар неге келді?
-Кім жіберген еді?
2. «Қандай байланысы барын сізге жазған хатында айтқан болар. Алдымен сіз мына хатты оқыңыз» , - деп аласа бойлы татар қойнынан сия қарындашты жалай отырып, ірі әріппен сойдита жазылған хатты қолына берді.
- Хатта не жазылған деп ойлайсың?
3. «Күш байқаған кісі тышқан аулаған мысықтай, үндемей келіп бас сала ма екен?»
-Кімнің сөзі?
-Бұлай айтудың себебі неде?
4. Хат танымайтын Мұқанға балуандық өнердің ең ауырларын үйренуге тура келді.
-Мұқан үшін өнердің ең ауыры не еді?
-Ал ең жеңілі деп қандай өнерді айтар едіңдер?
5. «Ағын су көлге құймай дамылдай ма, мырзам. Мен сіздің мектепті бітірмей, мейрамды қайтем?»
-Кімнің сөзі?
• Бұл сөзді Мұқан неліктен айтты деп ойлайсың?
6. «Жас балуанның жиырма төрті мектептің биылғы бағдарламасын бітіріп, тәжірибе жұмысына шыққалы отыр. Бірінші – Дубный, екінші – Мұңайтпасов»
- Мұқанның екінші тұру себебі неде?
- Осы тәжірибе сынында Мұқанның алғаш көрсеткен өнері?
7. Жасы отыздан асып, «енді елге қайтпасам болмас» деп жүргенде, Дубный Ригадан бір топ балуанмен келді.
• Мұқан Дубныйға еріп қайда барады?
• Өзге ел балуандарының қандай өнерлерін көрді?
8. « - Ертең Ресей балуандарының өнерін көресіздер,- деді цирк басқарушысы.»
• Ресей балуандары қандай өнер көрсетті?
9. ...Басында айыр қалпағы бар, үстінде ала жібек шапан киіп, жалпылдақ жүнді айыр өркешті атанға мінген біреу шықты.
-Бұл кім еді?
-Ол қандай өнер көрсетті?
2- тапсырма
Мұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер. Төмендегі кестені толтыр
Мұқан бейнесі Әңгімеден үзінді арқылы дәлелдеу, мысал келтіру
Бала кезі
Жігіт шағы
Жігіт ағасы
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыларға арналған тапсырма. Сәйкестендір.
Басталуы Орлий Масликовтың қызметіне ауысуы
Дамуы Париж сахнасында өнерін көрсетіп, құрметке бөленуі
Шиеленісуі Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау
Шақыртау шегі Бір шана шөпті бай үйіне жая сүйретіп келуі
Шешімі Иван Лебедевтің мектебінен дәріс алуы, өзіне жақын дос табуы
Бағалау дескрипторы
Кейіпкерлер түрін біледі
Кейіпкерді тек тұрғысынан сипаттай алады
Ойын өмірмен байланыстыра алады 
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 447



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі