Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )

 Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Терминдерді оқы. Топта талда.
Қара сөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы - онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады
Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:
• Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру
• Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады
Оқушылар терминдерді оқиды, бір-біріне түсіндіреді, түсініксіз ұғымдарды сөздік пен мұғалімнің көмегі арқылы анықтайды.

Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Бірінші қара сөзді оқы Автордың қарасөз жазудағы мақсатын анықта. Кестені толықтыр
Мақсаты себебі Менің түсінгенім
Ел бағу
Мал бағу
Ғылым бағу
Софылық қылып, дін бағу
Балаларды бағу
2- тапсырма
Ақынның осы ойға келу себебеі неліктен? Ойыңды кеңейтіп жаз.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
____________________________________________________
3- тапсырма
Қарасөздің жанры, фабуласы туралы ой бөліс.
4- тапсырма
Абай орнында болып, өміріңе сараптама жасасаң немен айналысар едің? Ойыңды сараптап жаз.
__________________________________________________
Бағалау дескрипторы
Қарасөз, фабула терминдерін біледі 
Қарасөздің жазылу мақсатын анықтайды 
Ойын еркін жеткізе алады 
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма:
Ақын ойын қолдап немесе қарсы шығып ой толғау жаз.
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
_________________________________________________________...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 332



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍