«Керқұла атты Кендебай» ертегісі 1-сабақ (5 сынып, I тоқсан )

 «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 1-сабақ (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Бөлім атауы: Таза, мінсіз асыл сөз
Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішін 5Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
Сабақтың мақсаттары:
5Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, сюжетін анықтау
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
( Оқушыларды түгелдеп ,сабаққа назарын аударамын. Сабақ мақсатымен таныстырамын)
ІІ.Қызығушылықты ояту
«Кросенс» әдісі арқылы сабақ тақырыбына болжам жасату. Суреттерді бір-бірімен байланыстырып, өз пікірлерін білдіреді.
Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, сюжетін анықтау
Ми шабуылы.
Суреттерде не бейнеленген?
Олар туралы не білесіңдер?
Ертегінің өзіндік белгілері қандай?
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.
Фабула (лат.Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу.
Сюжет (фр.sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
Образ, көркем образ - шындықтытанып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория
Тыңдалым
Сынып екі топқа бөлінеді.
Берілетін тапсырмалар:
Т. «Пазл әңгіме»
1-тапсырма
Шығарманың қысқаша мазмұны таратылады
• Шығарма қандай жанрда жазылған?
• Қандай дәлел келтіре аласыз?
Оқушылар мазмұнымен танысып болған соң ,топтық тапсырмалар орындайды.
2-тапсырма Қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр:
1. Кендебай мен жетім бала.
2. Керқұланың тағдыры.
3. Кендебайдың дүниеге келуі.
4. Хан бұйрығы.
5. Баланың ата-анасымен қауышуы.
6. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
7. Кендебайдың аралға баруы.
8. Кендебайдың биені күзетуі.
9. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
Мақалдарды мазмұн жоспарына сәйкестендір.
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
Батыр туса – ел ырысы.
2. Керқұланың тағдыры.
Қасқырдың ойлағаны – арамдық.
3. Кендебай мен жетім бала.
Қаралы көңіл жаралы.
4. Кендебайдың аралға баруы.
Жол мұраты – жету.
5. Кендебайдың биені күзетуі.
Өзі аққа құдай жақ.
6. Хан бұйрығы.
Есірген хан елді ермек етер.
7. Кендебайдың бұйрықты орындауы.
Қаһарлы қамал бұзады
8. Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.
9. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Ата - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
10. Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
Іздеген мұратына жетеді.
Сөздік жұмыс.
1. Алты айдың ішінде алты кез болды (67- бет) (Кез – 71 см-ге тең ұзындық өлшемі).
2. Ернім жалақ, басым таз болды (68-бет). (Жалақ ерін жел қақты боп кеберсіген жара).
3. Құндыз жүнді арғымақ құлын туады (70-бет). (Құндыз- салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң).
4. Зынданның аузы құлыптауы. (Зындан – тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан).
5. Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар.
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
2-тапсырма
Т. «Суретті әңгімеле»
Ертегідегі бір кейіпкерді бейнелейтін сурет алынады.Оқушыларға сурет көрсетіледі және оның сипаттары
сұралады. Суретте ертегі кейіпкерінің басынан өткен қандай оқиға бейнеленгені, келбеті түсіндіріледі.
Оқушыларға проектор арқылы немесе парақшаларда түйінді сөздер тізімін беріп, топтарда сол сөздерді пайдалана отырып, кейіпкер образын ашуға жетелейді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 504



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі