Бұрымның қандай киесі бар? (8 сынып, III тоқсан )

 Бұрымның қандай киесі бар? (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Бұрымның қандай киесі бар?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
Сабақтың мақсаттары: Мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау.
Сабақ барысы: Оқушылар төменде келтірілген дерекпен танысып, сабақтың тақырыбын болжайды. Оқу мақсатымен танысып, бағалау критерийлерін белгілейді.
Қазақ бұрымды киелі санап қана қоймай, оны ардың белгісі санаған. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңнамасының үшінші тағаны “Кек пен жаза” деп аталады. Мұндағы түрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі ең ауыры – өлім жазасы. Содан кейінгі ауыр жазалардың бірі – бұрымын кесу. Нәпсісін тыя алмаған еркектің атының құйрығын кесіп, ардан аттаған қыздың немесе күйеуінің көзіне шөп салған әйелдің бұрымын кескен.
Сабақтың тақырыбы не туралы болмақ?
Оқылым алдындағы тапсырма
Жұптық жұмыс
Оқушылар «қыздың бұрымы» тіркесіне ассоциативті карта құрайды. Тірек сөздермен танысады. Мұғалім жұмыс қорытындыларын шығарып, кері байланыс береді.
Оқылым тапсырмасы
Топтық жұмыс
Мәтінді таныса оқиды. «Шеңбер бойындағы әңгіме» ойыны арқылы түсінгендерін мазмұндайды. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Шеңбер бойымен отырып, біреуісі мәтіндегі негізгі мақлұматты мазмұндай бастаса, екіншісі толықтырып, үшіншісі қостап, төртіншісі аяқтайды.
Шашын ешқашан қимаған қарияның әңгімесі
Бұрымның қандай киесі бар?Адам көркі - шаш. Қазақ шашты киелі санайды. Оған бұрыннан келе жатқан қазақтың ырым-тыйымдары дәлел болады.
Бұл жайында бізге шашын кішкентайынан өсірген, қазір де бұрымын сақтап жүрген 72 жастағы Айсұлу Жандосова толық айтып берді.
Отбасымызда 2 қыз, 6 ұл болдық. Анам кішкентайымыздан “қыздың көркі – шаш” деп екеуіміздің шашымызды өсірді. Мектепке алғаш баратын кезде де шашымыз ұзын болатын, анам өріп, ұшына лента байлап беретін. Мектеп бітіргеннен кейін Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищеге оқуға түстім. Жатақханада 4 қыз тұрдық. Басқа қыздар түрлі шаш үлгісін жасайды. Мен оларға қызығып, қолаң шашымды қиямын деген шешім қабылдадым. Бірақ анам рұқсат бермеді
Бұрын қазақ қыздары белінен асқан шашты кесуді жаман ырым санаған. Себебі, ұзын шашты орынсыз кесу адамның жолын кесіп, қасіретке ұшыратуы мүмкін.Анам “шаш қию ойыңа да келмесін, қиятын болсаң, шашың өскенше үйге келме!” деп ұрысты. Сөйтіп, демалыста үйге бардым. Мен келе сала анам шашымды қиып тастады деп қорықса керек, бірден басыма қарады. Мен қимаған едім. Студент кезімде үнді фильмін көргенді жақсы көрдім. Сондағы үнді қыздарының ұзын шашын өріп немесе түйіп қойғанын көріп қызықтым. Соларға қарап шашыма әртүрлі әдемі үлгі жасап жүрдім. Шыны керек, ұзын шашты қыздар басқа қыздарға қарағанда әлдеқайда әдемі болады.
“Түскен шашты құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығасың” деген сөз бар. Бас ауруына шалдықтырмағанымен мұның расында да зияны көп екен. Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша” романында тарақ¬тан түскен шашты отқа жағуға болмайтыны жазылған. “Шашты өртесе, анасының отқа күйген иісін бала танып қояды екен де: “Анамыз тозақ отына түсіп кетті-ау”, – деп шырылдайды екен. Анамызды құтқарып аламыз деп, өздері де тамұқ отына түсіп кете жаздай¬ды” деп шаштың киесі туралы анық түсіндірген.
Шашты кез келген жерде тарауға болмайды. Ол қай жерде де ерімейді, өзімен-өзі жойылмайды. Сондықтан тарағаннан кейін оны жинап алу керек. Өзім шашымды ешқайда тастаған емеспін. Қазіргі күнге дейін жинап жүрмін, бір жастық болатын көлемде жиналды.
Қыздардың шашын жайып жүруі де жаман ырым деп жатады. Қазақта әйел тек күйеуі қайтыс болғанда шашын жайып жылаған. Әйелдер жоқтау айтып жылағанда шашын жайып жіберіп жыласа, ішіндегі шері тарқайды деп ырымдаған
Шаш күтімі жөнінде берген кеңесі
Шашты ең біріншіден таза ұстап, уақытында тарап тұру керек. Менің шашымда қазіргі күнге дейін қайызғақ жоқ. Мен бұрын шашымды кірсабынмен де жуа беретінмін. Бұрын қазақтар сүйек пен сексеуілдің күлін қайнатып сабын жасаған. Оны “заһар” деп атайды. Оның күші сусабынмен тең, өте сапалы, кірді де, шашты да жақсы ашады. Аптасына 3 рет жуса, көптік етпейді. Негізі ұзын шашты ұшынан бастап тараса, шаш тез жазылып, түсуі азаяды. Мен шашымды өмірімде тек қынамен бояп көрдім. Химиялық бояулар шашты құртады. Бұрын жаңбырдың суымен жуса, жақсы болады дейтін.
Өзім де жуып көрдім, шаш жарқырап, сусылдап тұрады 9 немере қызы бар Айсұлу Жандосова барлығының да шашын өзінің қадағалауымен кішкентайынан өсіріп келеді. Бала “айтқанды емес, көргенді істейді” деген бекер сөз емес.
Топтық жұмыс
Мәтіннің негізгі мазмұнына интерпретация жасайды. Орындау формасын әр топ өзі таңдайды.
a) «Сұлулар әлемі» телебағдарламасының қонағымен сұхбат;
b) Әжесі мен немересі арасыңдағы тәрбиелік әңгіме;
c) Өскелең ұрпаққа өнегелі хат жолдау
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Ыстық орындық» ойыны барысында әр топ өз жауаптарын сынып алдында қорғайды.
Өзара бағалау «Плюмин» әдісі арқылы жүзеге асады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 679



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі