Қиялдың бір бөлшегі – қазақ ертегілері (7 сынып, IV тоқсан )

 Қиялдың бір бөлшегі – қазақ ертегілері (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ғылыми фантастика
Сабақтың тақырыбы: Қиялдың бір бөлшегі – қазақ ертегілері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
Оқу мақсаты: Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушыларды мәтіннің жалғасын болжату арқылы өз ойларын әсерлі, көркем жеткізуге дағдыландыру.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Миға шабуыл:
- Қиял дегеніміз не?
- Адамдардың қияларының түрлі болуы неге байланысты?
- Қиял несімен адамзатқа пайдалы?
Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады.
Тыңдалым алды тапсырма:
Бағалау критерийі:
 Мультфильмнің басты ойын түсінеді
 Өзіндік өзқарастарын білдіре алады
 Сюжетті өмірмен байланыстыра алады
Оқушылардың назарына «Мақтаншақ қыз» мультфилімі ұсынылады.
Түрткі сұрақтар:
1) Мульфильм не туралы?
2) Мультфилімнің басты ойы қандай?
3) Өтірік сөздің ақыры неге алып келеді?
4) Мультфильм қалай аяқталады деп ойлайсыңдар? Неге?
Бағалау: дұрыс әрі ерекше ой-пікір айтқан оқушыларға мұғалім тарапынан мақтау сөздер айтылады.
Тыңдалым тапсырмасы
Бағалау критерийі:
 Ертегінің мазмұнын түрлендіре алады
 Пікірлерін әсерлі сипаттайды
 Жеке пікірін білдіре алады.
Мұғалім «Патшаның ұлы» ертегісін оқиды. Ертегінің әр бөлігіне келгенде мұғалім кідір жасап ертегінің қалай жалғасатындығын, неге екендігін оқушылармен талқылайды.
Мәтіннің 1-бөлігі.
Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақ көңіл патшасы болыпты. Бұл патшаның
жапанда жалғыз ұлы болыпты. Патша ұлын жанынан да жақсы көріпті. Бұны білетін сарайдағылар патшаға жағу үшін кішкене бекзаданы мақтай береді екен. Біреулері «жер жүзінде біздің бекзададан асқан әдемі бала жоқ» десе, басқалары «дүниенің ең ақылды баласы» екендігін айтыпты. Енді біреулері оның қабілетін мақтап бітіре алмайды екен. Уақыт өте келе кішкене бекзада айтылғандардың бәріне сене бастапты. Дүниеде өзінен асқан ақылды және қабілетті бала жоқ деп ойлайтын болыпты. Мұны естіген патша қатты қайғырыпты.
Мәтіннің 2-бөлігі.
Баласының шынымен де бүкіл балалардан жоғары екендігін көз жеткізу мақсатында
балалардың арасында жиі-жиі сурет салу, әңгіме және ән айту жарыстарын ұйымдастырыпты. Бірақ бұл кезде де патшаның көңілінен шықсын деп әділ қазылар
алқасы жүлдені патшаның ұлына беріпті. Ат жарысында да қазылар алқасы атқа жақсы
мінетіндерге бекзададан озып кетпеулерін ескертіп тағы да бас жүлдені кішкене
бекзадаға беріпті. Ақыры ұлының барлық балалардан жоғары екендігіне патшаның
көзін жеткізіп сендіріпті. Бір күні патша қырға серуендеуге шығыпты.
Мәтіннің 3-бөлігі.
Бір уақытта құлағына жағымды бір сыбызғы әуені келіпті. Сыбызғыны өте әдемі
тартқаны соншалық, патша шыдай алмай әуен шыққан жаққа қарай барыпты. Қараса,
бір кішкене шопан әрі малын жайып, әрі сыбызғысын тартып отыр екен. Патша шопанға:
- Сыбызғыны керемет тартады екенсің, менің ұлыма үйрете аласың ба? – деп сұрапты.
Шопан:
- Әрине, қуана-қуана үйретемін, - депті. Патша кішкене шопанды сарайына алып келіпті. Шопан бала мен бекзада тез тіл табысып, дос болып кетіпті. Шопан бекзадаға сыбызғы тартуды үйрете бастапты. Бірақ бекзада қаншалықты тырысса да, сыбызғыны шопан сияқты керемет тарта алмапты.
Мәтіннің 4-бөлігі.
Бір күні бекзада ренжіп, шопанға:
- Сен маған сыбызғы тартуды жақсы үйрете алмайсың, - деп айқайлапты. Шопан болса:
- Мен жақсы үйретіп жатырмын, бірақ мұны үйрету үшін уақыт керек. Бірден үйрету
мүмкін емес, - деп жауап беріпті. Бекзада:
- Мен басқаларына ұқсамаймын. Бәрін тез үйренемін. Өйткені жер бетінде менен асқан
қабілетті, менен асқан ақылды ешкім жоқ, - деп, салған суреттері мен әңгімелерін
шопанға бір-бірден көрсете бастапты. Шопан бәрін де ұнатыпты. Бекзада мұнымен де
қоймай, атына мініп түрлі-түрлі өнер көрсетіп, шопанға: «Сен осылай атқа мінген
біреуді көрдің бе?» - деп сұрапты. Кішкене шопан: «Шынында да атқа жақсы мінеді
екенсіз. Бірақ біздің ауылда атқа сізден де жақсы мінетін біреу бар», - депті.
Бекзада алғаш рет өзін басқалардан жоғары санамаған біреумен кездескеніне
ашуланып, шопанмен сөйлеспей қойыпты. Бекзаданың шопанға ренжігенін көрген
басқа балалар да шопанға ренжіпті. Оны жасағандары үшін кінәлап, сарайдан қуып
жіберу мақсатымен патшаның құзырына барып: - Қадірлі патшамыз, алып келген шопаныңыз бекзаданы қызғанып, оның жасағандарын ұнатпай ренжітеді. Шопанды бұл жерден қуып жіберсек дұрыс болар еді, - депті. Патша кішкене шопанды құзырына шақыртып алып бекзаданы неге ренжіткенін сұрапты. Шопан:
Мәтіннің 5-бөлігі.
- Ұлы мәртебелі тақсыр! Маған сұрақ қойылмай, ойымды ашық айт алмаймын. Бірақ
сұрақ қойылған кезде дұрыс жауабын айтамын. Бекзадаға шын жамандық жасағандар
оған жалған сөйлегендер. Бүгінге дейін оған жалған сөйлегендері үшін бекзадамыз өзін
басқалардан жоғары санап, қабілеттерін әрі қарай дамытпаған. Егер олар шындығын
айтқан болса, бекзадамыз көп жұмыс істеп бәрінен де жоғары тұрған болар еді, - деп
жауап беріпті. Кішкене бекзада болса:
- Мен бәрібір де басқаларынан жоғары тұрмын. Сенен де күштімін. Ешқандай бала
менімен күресе алмайды. Қаласаң кел, сенімен де күресіп көрейін, - депті. Шопан:
- Жоқ, олай болмайды. Мен қарапайым бір шопанмын. Сізбен күрескім келмейді, -
депті. Бірақ патша шопанға бекзадамен күресуге бұйрық беріпті. Шопан әп-сәтте бекзаданы алып жығыпты.
Мәтіннің 6-бөлігі.
Міне, сол кезде бекзада шопанның айтқандарының дұрыс екенін түсініпті. Сол күннен бастап тек шопанның сөзіне сеніп, онымен жақсы дос болыпты.
Не болды? Не болады? Дәлел
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
ЖЖ .
Автор орындығы
Түпнұсқамен салыстырады. Топта бірін бірі тыңдап, сәтті шыққандарын сыныпқа тыңдауға ұсынады.
Тапсырма
№ Дескриптор +, -
1 Мультфильмнің түпкі ойын түсінеді
2 Ойын әсерлі әрі еркін жеткізеді
3 Ертегінің сюжетін болжайды
4 Өз ойын дәлелдейді
5 Өз сыныптастарына кері байланыс береді .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 120



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі