1-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )

 1-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 1-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А1 Бейнебаян мәтінін тыңдай отырып, берілген сұрақтарға оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжап жауап беру
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Оқушыларды:
бейнебаян мәтінін тыңдай отырып, берілген сұрақтарға оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжап жауап беруге;
берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөздің негізгі мәнін аша алуға дағдыландыру.
Сабақ барысы:
Сынып оқушылары: «Хат», «Шығыс ұлы», «Отан» сөздері мен тіркесі бойынша топтарға бөлінеді.
1-ші топқа: «Хат»;
2-ші топқа:«Шығыс ұлы»;
3-ші топқа:«Отан».
Әр топ мүшелері өз дәптеріне топқа берілген сөзге ассоциациялық карта толтырып, мағынасынашады. Оны топта оқиды, ең қызықтысын топтың атынан ортаға салады.
Мақсаты:ой жинақтау, топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тыңдалым. 1-тапсырма:Баубек Бұлқышев туралы бейнематериалкөріп, ауызша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.(сұрақтар топтарға таратылады)
1-топқа:Баубек Бұлқышев деген кім? Соғысқа қашан аттанды?
2-топқа:Баубектің балалық өмір қиыншылықтары туралы не айтасыз? Шығармашылықпен қашан айналысты?
3-топқа:Баубек қандай білім алды? Шығармаларының тақырыбы қандай болды?
Бағалау:1-топ 2-топты; 2-топ-3-топты, 3- топ 4-топты; 4-топ1-топты «Екі жұлдыз, бір тілек»арқылы бағалайды.
2-Тапсырма. Тыңдалым. Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» деген бейнебаян көреді. Онда Баубек Бұлқышевтің хаты оқылады. Хатты аяғына дейін тыңдатпай, үзіп тастайды.
Оқушылар хатты өздері аяқтап көреді.
Тапсырма: тыңдалған бейнематериалдардағы ақпараттарды, өздеріңіздің танымдық білімдеріңізді қолданып, хатты аяқтаңыз. Хаттағы барлық сөйлемдер бір – бірімен мағыналық жағынан байланысқан болуы тиіс.
Жетістік критерийі:
- «Сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың?-деген ойды жалғастырып хатты аяқтайды;
- логикалық екпінді дұрыс түсіріп хатты оқи алады. Талқылау сұрақтары:
- Автор неліктен «Отан» сөзінің мағынасын түсіндіреді?
- Автордың эмоциясы мен интонациясына қарап нені аңғарасыз?
- «Сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың?» дегенде автор нені меңзеп тұр?
- Бұл қалай аяқталуы мүмкін?
Тыңдалымнан кейінгі жұмыс«Автор орындығы» әдісімен жүргізіледі.
Оқушылар топта бір – бірінің жұмысын оқиды. Топтағы ең үздік хат анықталып, әр топтан бір оқушы автор рөліне еніп, хатты нақышына келтіре оқиды. Оқушылардың дауыс ырғағына, логикалық екпінді дұрыс қоя білуіне, кідіріс жасауына назар аудартады.
Бағалау: 1-топты 2,3,4-топ; 2-топты-3,4,1-топ, 3- топты 4,1,2-топ; 4-топты 1,2,3-топ«Бағалау парағы»арқылы бағалайды.
Жетістік критерийі берілген бағалау парағы әр топта болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 989



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі