Сүйіспеншілік пен достық (7 сынып, II тоқсан )

 Сүйіспеншілік пен достық (7 сынып, II тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік пен достық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.ӘТН 2; Орфоэпиялық норма:
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаты:
• Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіне алады;
• Факті мен көзқарасты ажырата алады.
• Ауызша сөйлеуде орфоэпиялық норманы сақтайды.
Сабақ барысы: Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Тыңдалымалды тапсырма
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа мақалдар таратылып беріледі. Берілген мақалдың мәнін ашып, оған қатысты ой айтылу керек.
1-топ: Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
2-топ: Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.
3-топ: Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар
4-топ: -Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді.
Мұғалім кері байланыс береді.
Тыңдалым тапсырмасы:.
Факті мен көзқарасты ажырата білу үшін теориялық материалдар еске түсіріледі.
• Факт – шындығында болған немесе бар нәрселер, яғни шындық.
• Көзқарас – бұл біреудің немесе бірнеше адамның пікірі, жағдайға байланысты көзқарасы. Шын немесе жалған болатын нәрселерге берілетін субьективті бағасы.
Оқушыларға «Достық туралы ойлар» атты мақала тыңдатылады.
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа¬ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы¬лаң¬ды тең ететін айналаңдағы доста¬рың¬ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа¬ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы¬лаң¬ды тең ететін айналаңдағы доста¬рың¬ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Оқушылар топта мақалада айтылған ақпараттардан көзқарас пен фактіні постерде анықтайды.
Ақпараттар Факт Көзқарас

Дескрипторлар:
1. Тыңдалым материалын түсінеді;
2. Берілген ақпараттан факт мен көзқарасты ажыратады;

Факт мен көзқарас ажыратылып болған соң, жұмыстарын «Қытайша десерт» арқылы сағат тілімен келесі топтарға ұсынады. Өзге топтар өз кезегінде жұмыстың орындалу барысын бағалайды. Стикерде пікір қалдырады. Әр топ өздерінің жұмысына берілген бағалауды талқылайды. Өз ұстанымдарын дәлелдейді.
Тыңдалым соңындағы тапсырма
Топтық жұмыс
Топтаға ұлылар айтқан тұжырымды ойлар ұсынылады. Оқушылар келісу немесе келіспеу себептерін айтады. Өзінің пікірін фактілер келтіріп дәлелдейді. Сөйлеу барысында интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданулары тиіс.
Дескриптор:
1. Берілген ойдың мәнін түсінеді;
2. Пікірін фактімен дәлелдей алады;
3. Сөйлеуде логикалық екпінді дұрыс қолданады.
Логикалық екпінді дұрыс түсіру кез келген сөзді айрықшалап айтуды білдірмейді. Оны дұрыс істеу үшін тек қажетті сөздерге екпін түсіріп, айрықшалап айту керек.
Логикалық екпінді әр түрлі тәсілмен түсіруге болады: дауысты күшейтуге, ерекше сезіммен айтуға, баяу және айқынырақ сөйлеуге, назар аударылатын сөздердің алдында немесе кейін кідіріс жасауға және ым-ишаратпен білдіруге болады.
1.А.Шопенгауэр «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді».
2. Парсы жазушысы Кабус «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы».
3. «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос»
4. Даниель Дефо «Доссыз қалу - бақытсыздық ең үлкені»
Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген бағасына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 114



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі