Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы құбылыстары (7 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы құбылыстары (7 сынып, I тоқсан )


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бақбақ гүлінің адам денсаулығына пайдасы

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ауа және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы құбылыстары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау
ӘТН3 Лексикалық норма
Сабақтың мақсаттары: Ж6 Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
ӘТН 3 Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу.
Сынып оқушыларын түгендеу.
Оқушылардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.
Қызығушылықты ояту.
«Бұл ненің үні?» оқушыларға әр түрлі табиғат құбылыстарының үні тыңдатылады. Тыңдай отыра, оқушылар қандай табиғат құбылысы екенін табады.
(жаңбыр, жел, дауыл, боран дыбыстары тыңдатылады)
- Балалар, қандай сезімде болдық?
- Қалай ойлайсыңдар, бұл аталған табиғат құбылыстары қай жыл мезгілінде болады?
Сұрақтарды қоя отыра, сабақтың тақырыбы және мақсаттары таныстырылады.
Жазылым алдындағы тапсырма.
1. «Метафора» айдары
Тақтада (слайд арқылы метафоралар ұсынылып, түсіндіріледі)
Жүрек - Су насосы
Қыз гүл
Әке мен бала - асқар тау мен жапырақ
Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады.
1-тапсырма.ЖЖ.
«Метафора» айдарымен қызықты ойын өткізіледі. Ойын ауа райы мен климаттың түрлі құбылыстарына қатысты түрлі метафораларды жазу. Мысалы: жауын – аспанның көз жасы; боран – табиғаттың түшкірігі; қар – аспанның басындағы қайызғақ. т.б. Сәтті шыққандарын тақтаға не флипчардқа жазып отырады.
Кері байланыс.
2-тапсырма. Бейнефильмді көрсету
https://www.youtube.com/watch?v=VGA59YcGTJU
Ауа райы мен клима тқа байланысты бейнефильм көрсетіледі. Тек ескеретін жағдай бейнефильмді көрсеткенде оның дауысын оқушылар естімеуі керек. Тек репортаждағы қимылды, іс-әрекеттерді ғана көреді. .....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Мұрны қанаған адамға дем салу дұғасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle