Орал тұрғыны сезімін телефонмен жеткізгені үшін 860 мың теңге қарыз болды

Орал тұрғыны сезімін телефонмен жеткізгені үшін 860 мың теңге қарыз болды

Аптаға созылған "махаббат дастаны" ғашық жігітті қарызға батырды. Өз сезімін телефон арқылы жеткізген Орал тұрғыны "Қазақтелекомға" 860 мың теңге берешек болып қалған.

Облыстық соттың бізге берген дерегіне сенсек, әскерден келген жас жігіт телефон арқылы интим тақырыпта сырласатын қызметтің көмегіне жүгініпті. Сезімі сергелдеңге түскен жігіт нәпсісін тежей алмай, желінің ар жағындағы виртуалды "ғашығымен" бір апта бойы сөйлескен.

Басында су тегін деп ескертілген бұл қызмет түрінің әр минуты 330 теңге екендігін кейін білген. Ал қызмет көрсететін бикештер Көкшетаудан көрінеді.
"Енді телефон ақысы үшін 860 мың теңге төлеуі тиіс ғашық жігіттің кінәсі дәлелденді", - дейді баспасөз хатшысы Гүлмира Кенжеғалиева.

БҚО сотының баспасөз хатшысы Гүлмира Кенжеғалиева: "Сот отырысы кезінде телефонмен үй иесінің әскерден келген ұлы сөйлескені анықталды. Бұл азаматты қызмет көрсетушілер телефонмен сөйлесу тегін деп сендіріпті. Бірақ Тасқала аудандық сотының шешімімен "Қазақтелеком" абонентінен 860 мың теңге өндіріліп алынды", - деді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі