Былғары қолғап шебері (6 сынып, III тоқсан )

 Былғары қолғап шебері (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Былғары қолғап шебері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқу арқылы ақпараттарды анықтауға, түсіндіруге үйрету.
Сабақ барысы: 1-тапсырма
Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мынадай сұрақтар қояды:
Қандай боксшыларды танисыздар?
Геннадий Головкин туралы не білесіздер?
Оның қандай жетістіктері бар?
2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыздар.
Мәтіннің қысқаша мазмұнын жұпта талқылаңыздар.
Халықаралық кластағы спорт шебері
НВО телеарнасының мәлімдеуі бойынша кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік бес былғары қолғап шеберлері санатына енді. Әлемнің үздік боксшылары тізімінің көшін америкалық 36 жасар Флойд Мейвезер бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 29 жасар Андре Уорд, 30 жасар Тимоти Брэдли және аргентиналық 38 жасар Серхио Мартинес бар. Ал GGG орта салмақ дәрежесіндегі қазіргі таңда әлемнің үздік боксшысы болып саналады. Бұған дейін Геннадий Головкин келесі кездесуін 3 қарашада америкалық Кертис Стивенспен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады.
Ал енді спорттағы мақтанышымыз туралы нақтырақ айтсақ, Головкин Геннадий Геннадийұлы 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі , ҚР спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.
3-тапсырма.
Мәтінді қайта оқыңыздар. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
4-тапсырма
Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды тауып, мәтінмен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.
Әлемдік үздік боксшыларды кім бастап тұр?
Генаның Кертис Стивенспен өткізген кезесуі қайда болды?
Головкин қайда дүниеге келген?
Оның қандай жетістіктері бар?
Ол кәсіпқой боксқа қашан келді?
Спортшы WBA, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын неше рет қорғады?
Боксшының білім алу жолы қандай?
Ол қайда нұсқаушы-спортсмен?
Қандай орденмен марапатталған?
Дескриптор:
 Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;
 Қосымша ақпараттарды ажыратады;
 Сұрақтарға жауап беріп, детальді ақпараттарды табады, түсіндіреді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 461



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі