Қазақстанның су ресурстары Су – өмірдің нәрі (6 сынып, III тоқсан )

 Қазақстанның су ресурстары Су – өмірдің нәрі  (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның су ресурстары. Су – өмірдің нәрі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.1.1.- тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтайды.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
Сынып үш оқушыдан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Талқылауды бастамас бұрын өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылып, қандай сөздерді үйренгендерін естеріне түсіріледі. Сабақтың тақырыбымен таныстырып, қандай оқу мақсаттары бойынша жұмыс жүргізетіндері түсіндіріледі. Оқушылар берілген сұрақтарды оқып, шағын топта талқылайды, суретті сипаттайды. Талқылау аяқталған соң мұғалім сұрақтарды сынып болып талқылайды. Мәтінде айтылатын ойды болжап көреді.
Мәтіналды тапсырма.
1-тапсырма.
Бұл тапсырмада тірек сөздер және олардың анықтамасы берілген. Оқушылар топта анықтаманы мұқият оқып, тірек сөздермен сәйкестендіреді және жауабын дәлелдейді. Тапсырманы шағын топта орындатылады.. Топтардың тапсырманы орындау үдерісі бақыланып, орындалуы қадағаланады. Тапсырманы орындалған соң, мұғалім тірек сөзді оқиды, оқушылар оның анықтамасын айтады. Егер топтар келіспесе, өз ойларын дәлелдейді.
Өсу
өмір сүру
Қоректену көлемі ұлғаю, арту 
Нәр алу пайдалану
Қолдану азық, күш-қуат жинау
Тіршілік ету ағзаға қажетті нәр алу
Мәтінмен жұмыс тапсырмасы.
2-тапсырма.
Мәтін оқылмас бұрыс, бірінші тапсырмамен таныстырылады. Тапсырмада мәтіннің абзацтарын тақырыпшалармен сәйкестендіру берілген. Ішінде екі тақырыпша арнайы артық берілген. Оқушылар тақырыпшаларды мұқият оқып шығады, түсінбеген сөздерін мұғалімнен не көршісінен сұрайды. Мәтінді басынан толық оқып шығады. Әр абзацта қандай ой айтылғанын анықтайды. Берілген тақырыпшалармен сәйкестендіреді. Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Мәтінді оқу барысында түсінбеген сөздері болса, тапсырма аяқталғаннан кейін ғана сұрай алады. Бұл жерде оқушы таныс емес сөздердің мағынасын мәнмәтінге қарап болжау дағдысын қалыптастыру керек.
3-тапсырма.
Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды. Алдымен тапсырма сұрақтарын оқып шығады. Жауабын дәптерлеріне жазады және тапсырманы аяқтаған соң жұбымен салыстырады. Мұғалім сыныптың тапсырманы толық аяқтағанына көз жеткізген соң, әр сұрақты жеке оқып, оқушылардан жауабын сұрайды. Сұрақтардың дұрыс жауаптарын тақтаға жазып қояды.
Бағалау критерийі Дескрипторлары
перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау Тапсырма сұрақтарын түсінеді.
Қажетті ақпараттарды анықтайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 605



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі