Су оның музыкада әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі (6 сынып, III тоқсан )

 Су оның музыкада әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Су, оның музыкада, әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1.- ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақтың мақсаттары: Мәтіндердегі кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен сөйлеу сипаттамаларын және басты тақырыптарды анықтайды және сараптайды.
Сабақ барысы: Сергіту сәті.
Шаттық щеңбері (оқушыларшеңбер бойына тұрып, бір- біріне тілек айтады).
Жұмыс түрі: ән үйрету, орындау және ән мәтініндегі жаңа сөздермен жұмыс.
Қадамдары:
«Су тасушы қыз», «Есіл ағады» ән мәтіндерін оқушыларға таратылады.
1-түрі: Ән мәтініндегі кейбір сөздер түсіп қалдырылады.
Су тасушы қыз
(Дос – Мұқасан және Манго тобының орындауында)
Асыққан ................. ей водовозбын
Талайды ............ тастап басып оздым,
Су емес, қыздар өзі шөлдегендей,
Жігітім неге .......... басып оздың?
Қайырмасы
Еду-еду қашықтан,
Мен водовоз асыққан,
Мөлдір ........... тастап ей,
Мөлдір ........... достар ей,
Кому надо по скорей?

....... тасып, өлең айтып, ей аралаймын,
................ қутыңдаған қаламаймын,
Жылтыңдап .................... әуре боп жүр,
Так что ................ қарамаймын.
Музарт - Есіл ағады
Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақбұйра .............. .......... ұрып.
Есіл аққанда, есіп ағады,
Жағада жартас ................
Есіл ағады, Есіл ағады,
...................... жүйрік жырындай.
Мені де бір ......... есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымды
Қайырмасы:
................... сыңғыр, сыңғыр етеді,
Сұлулар ................. сырғадай.
Түрілген сонау ................. етегі,
Ұйқыңды қайтсын ................... ?
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады ........... өзен.
Көңілге ............... көшіп алады,
.................... арлы сол кезең.
Есімін ............ есіне алады,
Аймалап .................. жарық қып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады ....................…
• Оқушылар мәтінмен танысып, кейбір түсіп қалған сөздерді тауып орнына қойып оқиды.
• Ән мәтіні бойынша талдау жүргізіледі.(жаңа сөздер, мәтіндегі түсіп қалған сөздер. т.б.)
Мысалы:
- Оқушылар, ақбұйра толқын дегенді қалай түсінеміз?
- Осы мәтіннен ауыспалы сөздерді табыңыз, қандай көркемдеуіш құралдар қызметін атқарып тұр?
Ән мәтіндерінің толық түрін таратамын, оқушылар өз жұмыстарымен салыстырады.
2-түрі: Ән мәтінінің толық түрі
Су тасушы қыз
(Дос – Мұқасан және Манго тобының орындауында)
Асыққан су тасушы ей водовозбын
Талайды жолға тастап басып оздым,
Су емес, қыздар әбден шөлдегендей,
Жігітім неге сонша басып оздың?
Қайырмасы
Еду-еду қашықтан,
Мен водовоз асыққан,
Мөлдір суға тастап ей,
Мөлдір суда достар ей,
Кому надо по скорей?
Су тасып, өлең айтып, ей аралаймын,
Қыздарды қутыңдаған қаламаймын,
Жылтыңдап кейбіреулер әуре боп жүр,
Так что ондайларға қарамаймын.
Музарт - Есіл ағады
Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақбұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда, есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымды
Қайырмасы:
Сырбазың сыңғыр, сыңғыр етеді,
Сұлулар таққан сырғадай.
Түрілген сонау түннің етегі,
Ұйқыңды қайтсын ұрламай?
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады ерке өзен.
Көңілге мәңгі көшіп алады,
Аққудай арлы сол кезең.
Есімін толқын есіне алады,
Аймалап ай-күн жарық қып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады жарықтық…
4) Ән мәтінін тыңдау, салыстыру және бірге айтып, әннің әуенін үйренеді.
`f`(бағытталған сұрақ және жауап)
Бағалау критерийлері Дискриптор
- Мәтіндердің тақырыбын салыстырады;
- мазмұндық тұрғыдан талдау жасайды;
- тілдік ерекшеліктерін талдайды. Тақырыптарын анықтайды.
Мазмұн ерекшелігін таниды.
Лексика-грамматикалық ерекшеліктерін талдайды.
Үйге тапсырма:
«Су тасушы қыз» әні бойынша РЭП дайындап келеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 698



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?