«Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

  «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О6.Оқылым стратегияларын қолдану
6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың мақсаттары: Оқылым стратегияларын қолданады:
комментарий жасайды, іріктеп оқиды.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Оқушылар «Бэкроним» әдісі арқылы «Хан шатыр» сөзінде берілген әр әріп бойынша мағыналы сөйлем құрып айтады. Сөздер бастапқы әріптен басталуы тиіс.
Х-
А-
Н-
Ш-
А-
Т-
Ы-
Р-
Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Сынып оқушыларын бір топта төрт-бес адам болатындай етіп, бірнеше топқа бөледі. Сабақ мазмұнына сай «Хан шатыр», «ойын-сауық», «Норман Фостер», «Тілек ағашы» деген топтарға бөлуге болады.
Оқылым алды тапсырма
«Сөздік гол» әдісі
Мұғалім оқушыларға мәтіннен алынған сөздерді береді (әр топқа екі сөз: сәулет, туынды, лорд, белдеу, тәжірибе, хауыз).
Олар топпен төмендегі кестені толтырады.
Сөз Біздің анықтама Сөздіктегі анықтама Сөйлем
Оқылым тапсырмасы
«ДЖИГСО» әдісі. Жұмыс алгоритмі:
«Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр» мақаласы төрт бөлікке бөлінеді. Оқушылар да төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр»
мақала
Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алған тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы. Есімі әлемге кеңінен танылған әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің қиялынан туған бұл баламасыз архитектуралық өнер туындысы сәні мен салтанатын жарастырып келе жатқан Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр. Ғимарат президент Резиденциясы мен үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр.
"Хан шатырды" британдық Foster & Partners фирмасы жобалаған болатын. Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр.
Тағы бір атап өтетін жайт, "Хан шатыр" - Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік он экоғимараттарының тізіміне енді. Мұндай құрметке ТМД елдерінен Қазақстан ғана лайықты болып отыр.
20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр.
Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдары ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады.
Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. Ғимараттың орталығында орналасқан "Тілек ағашындағы" жетім балалардың тілегі жазылған конвертті ашқан адам оны міндетті түрде орындау керек.
Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм төселген керемет жағажай - орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Хауыздардың бірінде орналасқан жасанды толқын әсерлі көрініс береді. Осы жерде жылдың кез келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат алуға болады.
Айгерім Сматуллаева
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Шеңбердегі әңгіме»
Оқушылар сынып бөлмесінің ортасына шеңбер құрып отырады. Содан кейін мақаланың мазмұнын талдап, комментарий береді, төмендегі сұрақтарды талдайды.
• Не себептен мақаланы автор «Әлемді аузына қаратқан «Хан шатыр» деп атаған?
• Сен осы мақаланы қалай атар едің? Неге?
Өзіндік бағалау
Әр оқушы бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша өзіндік бағалау жасайды. Бағалау сындарлы кері байланысты қамтылуы тиіс.
Дескриптор:
- мәтіннен қажет екі ақпаратты іріктеді;
- мәтінге комментарий жасады;
- түйінді ой айта алды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 943



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі