Табиғаттың жеті кереметі (6 сынып, I тоқсан )

 Табиғаттың жеті кереметі (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттың жеті кереметі
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.1.1. тақырып бойынша бірге, бөлек жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
 Сөздердің бірге, бөлек жазылуын ажырата алады;
 Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Сабақ барысы: Мұғалім оқушыларға табиғаттың жеті кереметіне аттанатынын айтады.
Осы сапарға шығу үшін төмендегілердің ішінен ең керек деген екі нәрсені, еш қажеті жоқ деген екі нәрсені таңдап алу керектігін айтады. Не себепті екенін түсіндірулері керек.
Ал мына сөздерді тақтаға жазып қояды, не болмаса экраннан көрсетеді.
Ағаш тарақ, киіз үй, жұпар сабын, алтын жүзік, тебен ине, шаш кептіргіш, ағаш қасық, қол сағат, ат арба, тандыр нан.
Оқушылар өзіне керегін таңдап алған соң, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
• Ұсынылған сөздердің жазылуына назар аударыңыз.
• Бұл сөздер неге бөлек жазылған?
• Сөздер қай жағдайда бөлек жазылады деп ойлайсың?
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстырады, оқушылармен бірге талқылайды.
Мұғалім оқушыларға бөлек жазылатын сөздер туралы теориялық түсінік береді.
Тапсырма.
Мұғалім оқушыларға бірге, бөлек жазылатынын сөздерді ажыратып жазуын сұрайды.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды, кейін мұғалім дұрыс жауапты өзі оқиды, оқушылар өзі-өзі тексеріп, дескрипторға сай бағалайды.
Беторамал, ешадам, бибилеу, біршөкім, жиырматоғыз, бастабақ, төсқалта, қойеті, асықжілік, біртүйір, қолұшын беру, қолүзу, тоқымажіп, шашкептіргіш, көшірмеқағаз,бірсәт,ҚазақстанРеспубликасы.
Дескриптор:
•Сөздердің қайсы бірге, қайсы бөлек жазылатынын ажырата алады;
•Емле ережесіне сүйеніп түсіндіреді.
Тапсырма.
Оқушыларға табиғаттың жеті кереметі туралы мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, ішінен бөлек жазылатын сөздерді анықтайды, не себепті бөлек жазылатынын түсіндіреді.
Дескриптор:
• Мәтіннен бөлек жазылатын сөздерді тауып белгілейді;
• Не себепті екенін түсіндіреді.
Тапсырма.
Мұғалім оқушыларға күнделік жазуды тапсырады.
Жоғарыда мәтінде сөз болған табиғаттың жеті кереметінің біріне саяхаттап бардыңыз. Саяхатыңның бір күні туралы күнделік жазыңыз. Жазылымда бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданыңыз.
Дескриптор:
•Саяхаты туралы күнделік жазады;
•Мәтіндегі ақпараттарды қолданады;
•Бірге,бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданып жазады.
Жазылым тапсырмасын орындап болған соң, жұптар бір-бірінің жұмысына дескрипторға сай кері байланыс береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 059



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі