Артемида ғибадатханасы (6 сынып, I тоқсан )

 Артемида ғибадатханасы (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Артемида ғибадатханасы
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.1.1. тақырып бойынша дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.
6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу,келіспеу» эссесі)
Сабақтың мақсаты
Оқушылар:
 Дефистің қойылу ретін біледі;
 дефис арқылы жазылатын сөздерге мысал келтіре алады;
 дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;
 тақырыптан ауытқымай, келісу, келіспеу эссесін жазады.
Сабақ барысы: Суретте.
Мұғалім оқушыларға Артемида ғибадатханасының суретін көрсетеді және дефис арқылы жазылған сөздерді ұсынады. Оқушылар сөздерді қолданып, суреттегі ғимаратты сипаттайды.
Біп-биік, ұзын-ұзын, әдіс-тәсіл, күні-түні,жалғыз-ақ, бой көтерген-ді, 1-ғимарат, тап-таза мәрмәр.
Кейін мұғалім суретте қандай ғимарат екенін сұрайды, оқушылар болжамдарымен бөліседі.
Талқылау сұрақтарын қояды.
•Суретті сипаттағанда қандай сөздерді қолдандыңыз?
•дефис қай жағдайда қойылады?
Оқушылар дефистің қойылуы туралы не білетіндерін ортаға салады. Бірлесе талқылайды, мысал келтіреді.
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу және сабақ мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырып, оқушылармен бірге талқылайды.
Мұғалім оқушыларға дефис арқылы жазылатын сөздер туралы теориялық түсінік береді.
Тапсырма.
Мұғалім оқушыларға дефис арқылы жазылатын сөздерге бір-екі мысалдан келтіріп, кестені өздері жалғастырып көруді тапсырады.
Дескриптор:
 Дефис арқылы жазылатын сөздерге мысал келтіре алады;
 Емле ережесіне сай жазады.
Оқушылар мысалдарымен бөліседі, мұғалім оқушыларға дескрипторға сай кері байланыс береді.
Тапсырма.
Оқушыларға сан есімдер ұсынылады, олар дефис қойылатын және қойылмайтын сан есімдерді екі бағанға емле ережесіне сай бөлім жазады.
Дескриптор:
• Дефис арқылы, дефиссіз жазылатын сөздерді ажырата алады;
• Емле ережесіне сай тыныс белгісін дұрыс қояды.
Дұрыс жауапты мұғалім өзі таныстырады, оқушылар жұпта дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.
Тапсырма.
Оқушыларға мәтін ұсыналады, мәтінді оқып, ішінен дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып, қойылу себебін түсіндереді. Мәтін негізінде берілген сұрақтарды жұбымен бірге талқылайды.
Мәтін негізінде туындаған сұраққа келісу-келіспеу себептерін дәлелдейді.
Жазылым.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып болған соң, «Артемида ғибадатханасын қайта қалыпқа келтіру керек пе?» тақырыбында эссе жазады. 120-150 сөз
 Тақырыптан ауытқымады;
 абзацты жүйелі құрастырады;
 келісу/келіспеу себебін дәлелдейді;
 сауатты жазады;
 дефис арқылы жазылатын сөздерді қолданып, орфографиялық нормаға сай жазады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 595



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?