Киім кию мәдениеті (5 сынып, I тоқсан )

 Киім кию мәдениеті (5 сынып, I тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Киіну. Сән. Талғам.
Сабақ тақырыбы: Киім кию мәдениеті
Сабақтың оқу мақсаттары: ӘТН 1 Орфографиялық норма
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді түсінеді, орфографиялық заңдылықтарды түсінеді;
Оқушылардың көпшілігі:
Орфографиялық нормаға сай жазып, ойын терең жеткізе алады;
Оқушылардың кейбіреуі:
Берілген тақырып бойынша дербес ой айтып, сауатты жеткізе алады;
Шығармашылықпен жұмыс жасайды.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу.
Дыбыс үндестігін еске түсіру. Топта «Менің ең жақсы көретін сәнді киімім» тақырыбында диалог құрастыру мен дыбыс үндестігіне талдау жұмыстарына саралау жүргізу.
Топ көшбасшысы тобының үй жұмысын сараптап, баға береді.
1.Аты, тоны сай кісі
Жиын, тойға барысар.
2. Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.
3. Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.
4. Апасы киген сәукелені
Сіңлісі де киеді.
5. Жігітке жеті өнер аз,
Жетпіс өнер көп емес.
6. Ерінбеген етікші болады,
Ұялмаған өлеңші болады.
7. Ата көрген – оқ жонар,
Ана көрген – тон пішер.
8. Орман аралаған – үйші болар,
Қобыз сыралаған – күйші болар.
9. Шеберді саусағы асырайды,
Қойшыны таяғы асырайды.
10. Өнерлі қол пішуге жақсы,
Өткір қайшы кесуге жақсы.
Оқушылар мақал-мәтелдерді жұптау арқылы жұптарға бөлінеді.
Ж/ж. Мағынасын жұппен ашады.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады.
Киіну. Сән. Талғам. Киім кию мәдениеті
Орфография – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.
Сөздерді дұрыс жазуда орфографиялық сөздіктің маңызы зор.
Жұппен жауап береді.
Ж/Ж. 1. Қай сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгеріс байқалады? Өндіріс, жаздыгүні, айлық, баршамызға, тарихи, мағлұмат, сенбі, самұрық. Неліктен олай деп ойлайсың?
2. Хайуанат, миуа, кейуана, кеще сөздеріндегі дыбыстардың жазылуында қандай ерекшелік бар? (дәстүрлі принцип)
Оқушылар 6-ға дейін санайды, 6 топқа бөлінеді (жұп болуы да мүмкін).
Топтық тапсырма. «Жүгіріп диктант жазу» стратегиясы.
Шарты:
1.Тақтада мәтін ілініп тұрады. Топтарда бір оқушы хатшы болып, қағазға түсіреді. Қалған топ мүшелері кезекпен тақтадағы мәтінді қарап, тобына келіп, хатшыға жаздыру керек.
2. Жазып болған соң, хатшы қағазын партасына қойып, өзі барып, тақтадағы мәтінді оқиды. Орнына келіп, диктант мәтінін өзгертуіне болады.
3. Топтың жазған мәтіні мен дұрыс нұсқасы келесі топқа беріліп, тексеріледі. Бағалаушы топ бағасын беріп, жұмысын қайтарады. Топтарда қатемен жұмыс жасалады. Қай топ қатесіз, жылдам жазып бітірсе, сол топ жеңеді.
Бағалау критерийі:
Мәтіннің толық көшірілуі;
Қатесіз жазылуы (3 қате есептелмейді).
Мәтіндер
1-топ. Сән – адамзат баласы пайда болғаннан бастап қолданылып келеді. Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де ұлттық нақыш қандай жағдайға болмасын, арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.
2-топ. Сән (мода) – латын сөзі, өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі. Мағынасы «уақытша келісімді, сәнді киіне білу» деген ұғым береді. Әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі – бүгінде бар құбылыс. Іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады.
3-топ. Киім кию мәдениеті – адамның білімінің, талғамының, ортаға қарым-қатынасының көрсеткіші. Талғам – бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б.). Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды.
4-топ. Стиль (грекше «балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша» мағынасын білдіреді) сөзі – әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.
Стиль түрлері:
• Классикалық
• Фольклорлық
• Романтикалық
• Спорттық
5-топ. Классикалық стиль («байсалды, іскер, әсем») – тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюмі, «ағылшын» пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер, «шинель» костюмдері жатады.
6-топ. Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстары кеңінен қолданылады.
Романтикалық стиль – ұшқыр, қиял-елестер, ізденістер тобы. Киімде әйелдік нәзіктікті бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.
Спорттық стиль – демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер үлгісі.
Ж/ж. Жағдаяттық жаттығулар. Оқушылар мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазады.
1-топ. Тахмина сәнді және әдемі киінгенді жақсы көретін. Ол ... , себебі бай адамдардың қызы болатын, ата-анасы еш нәрседен кенде қылған жоқ. Ол өзінің бос уақытын ... дүкендерде өткізіп, онсыз да үлкен ... жаңа киімдермен толықтыратын. Басқа қыздармен сөйлескен кезде, Тахмина олардың басынан аяғына дейін ... қарап шығатын. Адамдарды тек киімі бойынша қабылдап, ... қарай сыйлап, ол «әдемі орамға» ... болды және өз сенімділігін тек осыдан алатын. Таныс сурет пе?
2-топ. Райхан ерке болғанымен, ... алып берген киімін ғана киеді. Оған ... қарсы келіп көрген емес. Қалаға келгеннен кейін ... көйлектерін кигісі келді, сондай сатып алғысы келді. ... ол ,ең алдымен, анасы бұл қылығын құптамас деп ойлады. Өз киімдерін таза ұстап, артық киім ... тырысты. Құрбыларымен дүкенге барса да, көзі қызықса да, өзіне өзі ... бола алмады. Райхан адамды киіміне емес, ... қарап бағалаған дұрыс деп есептейді.
3-топ. Күнсұлу қолына ... тисе, оған киім немесе ... алу үшін базарға жүгіреді. Ол үшін ең бастысы – ... . Әдемілік көп ақшаны қажет етеді. Әкесі ... қайтарған емес. Қасындағы құрбыларынан бұрын алтын ... , сақина тақты, ақ, қара, қоңыр түсті етіктерді бір жыл ғана киеді. Шаштаразға, маникюр мен ... тұрақты түрде барып тұрады. Оның гардеробында әр көйлекке арналған ... мен аксессуарлар бар. Сондықтан шығар, ол өзін ерекше жақсы көреді, үнемі ... жасайды. Білімді болу міндет емес, әдемі қыз болсаң, ... етер жігіттің өзі қасыңнан табылады деп санайтын...
4-топ. Римма – қараторы қыз. Ол кейбір ... сатып алуға ақша қимай, оның орнына ... сатып алып тігетін. ... ақшасына бетін ... бояулар алатын. Ақсары өңді ... жолығуды армандайды, бірақ сондай жігіт жолықса, оған қояр ... шексіз көбейетін. Сөйтіп жүріп, ... ауылда өскен Римма қасындағы жандардың барлығын киім киісіне, ... қарап сынайтын. Риммаға ... адам табу мүмкін емес шығар деп ойлаушы едік. Қазір оның отбасы бар, ол - әйел, ана, келін.
Дұрыс нұсқасы
• Тахмина сәнді және әдемі киінгенді жақсы көретін. Ол қиынға соқпайтын, себебі бай адамдардың қызы болатын, ата-анасы еш нәрседен кенде қылған жоқ. Ол өзінің бос уақытын танымал дүкендерде өткізіп, онсыз да үлкен гардеробын жаңа киімдермен толықтыратын. Басқа қыздармен сөйлескен кезде, Тахмина оның басынан аяғына дейін сынап қарап шығатын. Адамдарды тек киімі бойынша қабылдап, тұрпатына қарай сыйлап, ол «әдемі орамға» тәуелді болды және өз сенімділігін тек осыдан алатын. Таныс сурет пе?
• Райхан ерке болғанымен, анасының алып берген киімін ғана киеді. Оған ешқашан қарсы келіп көрген емес. Қалаға келгеннен кейін құрбыларының көйлектерін кигісі келді, сондай сатып алғысы келді. Алайда ол, ең алдымен, анасы бұл қылығын құптамас деп ойлады. Өз киімдерін таза ұстап, артық киім сатып алмауға тырысты. Құрбыларымен дүкенге барса да, көзі қызықса да, өзіне өзі сенімді бола алмады. Райхан адамды киіміне емес, біліміне қарап бағалаған дұрыс деп есептейді.
• Күнсұлу қолына ақша тисе, оған киім немесе аксессуар алу үшін базарға жүгіреді. Ол үшін ең бастысы – әдемілік. Әдемілік көп ақшаны қажет етеді. Әкесі меселін қайтарған емес. Қасындағы құрбыларынан бұрын алтын сырға, сақина тақты, ақ, қара, қоңыр түсті етіктерді бір жыл ғана киеді. Шаштаразға, маникюр мен педикюрге тұрақты түрде барып тұрады. Оның гардеробында әр көйлекке арналған аяқ киім мен аксессуарлар бар. Сондықтан шығар, ол өзін ерекше жақсы көреді, үнемі макияж жасайды. Білімді болу міндет емес, әдемі қыз болсаң, бақытты етер жігіттің өзі қасыңнан табылады деп санайтын...
• Римма – қараторы қыз. Ол кейбір киімді сатып алуға ақша қимай, оның орнына мата сатып алып тігетін. Үнемдеген ақшасына бетін әрлендіретін бояулар алатын. Ақсары өңді жігітпен жолығуды армандайды, бірақ сондай жігіт жолықса, оған қояр талаптары шексіз көбейетін. Сөйтіп жүріп, қарапайым ауылда өскен Римма қасындағы жандардың барлығын киім киісіне, жүріс-тұрысына қарап сынайтын. Риммаға ұнайтын адам табу мүмкін емес шығар деп ойлаушы едік. Қазір оның отбасы бар, ол – әйел, ана, келін.
Бағалау критерийі:
Көп нүктенің орнына кемінде 6 сөзді тауып жазады;
Мәтіннің мағынасын түсініп, мағынасына сәйкес орнымен қолдана алады;
Қатесіз жазады (3 қате есептелмейді).
Пысықтау тапсырмасы. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, ауызша диалог құру.
Диалогке пайдалы тіркестер:
Менің білуімше,... «Білім инемен құдық қазғандай» дегендей,... Жоғарыдағы ойымды түйіндей келе,...
Ғафу етіңіз, айыпқа бұйырмаңыз, өтінішім бар, ілтипатыңызға рахмет, оқасы жоқ, менен ағаттық кетті...
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұптық бағалау.
С.
– Мәтіндегі ақпаратқа байланысты қандай пікірге келдіңіздер?
– Нені үлгі етіп алуға болады?
– Бұл оқиғалар өмірде кездеседі ме? Немен дәлелдейсің?
Сынып мүшелерінің пікірлері тыңдалады.
Пікірлерді саралау арқылы мұғалім қорытынды жасайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 422



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?