№5 –сабақ Судың да сұрауы бар (3 сынып, IV тоқсан )

 №5 –сабақ Судың да сұрауы бар (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: 7-бөлім: Су-тіршілік көзі
№5 –сабақ Судың да сұрауы бар
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
Оқушылардың көбі жасай алады:
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбер
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Мақсаты: көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Миға шабуыл
(Ұ.ж, Ж.ж) « Иделар, түсініктер, атаулар ... себеті» әдісі
1.Оқушылардан әңгімелеу мәтін және ғылыми - танымдық мәтін туралы білетіндерін сұрау.
2.Оқушы өзінің білетінін дәптеріне берілген мәселе аясында (жеке.ж1-2мин) жазады.
3.Жұптасып отырып жинақтаған мәліметтерімен алмасады.Талқылауға 1-2 минут беріледі. Бұл уақыт аралығында сай келгендерін,сай келмегендерімен ажыратып анықтау қажет.
4.Мұғалім барлық мәліметті қысқаша етіп «идеялар» себетіне жазады.Қате пікірлер де жазылады.
5. Барлық қателер содан соң барып түзетіледі, яғни әңгімелеу мәтін және ғылыми - танымдық мәтін туралы білетіндері туралы анықталады.
Ережені қайталау:
1.Әңгімелеу мәтіні: Бір нәрсе жайында хабарлайды. Не істейді? қайтеді? қайда? сұрақтарына жауап береді.
2.Ғылыми мәтін: Заттың қайда кездесетіні, сыртқы бейнесі (түрі), адамның қалай пайдаланатыны ескеріледі.
Зат ғылыми мәтінде нақты, ал көркем мәтінде бейнелі суреттеледі.
Оқушыларды бұлт, тамшы, қар сөздері арқылы топқа біріктіру.
3.2.4.1 1-тапсырма (МК,Т) «Бірлесіп оқу» стратегиясы
«Судың да сұрауы бар» мәтінін оқу. Мәтін тақырыбы мен ондағы негізгі ойды табу.
Судың да сұрауы бар
Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің көптеген елінде су сатушылар үйреншікті көрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде отбасы табысының 10 пайызы су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен қымбат бағаланады. Су цистернамен әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі.
Гонконг, Сингапур суды көрші елден сатып алады. Австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германияға апарып, 2 литрлік қағаз құтыларға құйып сатады. Жер шарында тұщы су қорының шектеулі екені анық байқалады.
Сондықтан «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығын әр уақыт есте ұстаған абзал.
«ПОПС формуласы» әдісі
1. «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығын қалай түсіндіре аласың?
2. Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде ғылыми - танымдық мәтін бе?
Осы екі сұрақтың жауабын ПОПС формуласы арқылы түсіндіру.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»
Соңғы сөйлем:«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Дескриптор:
-мәтіннің негізгі ойын анықтайды
-қандай мәтінге жататынын дәлелдейді
Қ.Б: топтар бір-бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» әдісі Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады.

3.2.3.1 (Ж.Ж) 2-тапсырма «Баскетбол» әдісі
«ОЙЛАН-ЖҰПТАС-ТАЛҚЫЛА» стратегиясын қолдану арқылы мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар (неліктен? не себепті? қалай ойлайсың) құрастырылады және басқа жұптардағы оқушылардан сол сұрақтарға жауап алынады.
Жұптаса отырып сұрақтар құрастыру керек.Жұптар бір-біріне құрастырған сұрақтарын қояды және қарама-қарсы жұптың сұрағына жауап беру қажет.Кестені толтыру керек.
«Баскетбол» кестесі
Сұрақтар Жауаптар
1. 1.
2. 2.
3. 3.
Дескриптор:
-сұрақтар құрастырады
-сұраққа жауап береді
-кестені толтырады
Қ.Б: жұптар бір-біріне бас бармақ әдісі арқылы бағалайды
Саралау: «Қорытынды» тәсілі Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
Сергіту сәті:
«Есіңе сақта!» Белгілі уақыт ішінде қандай зат есіңде суретін сал,атын жаз.
3.2.5.1 3-тапсырма (Т) «Галерея» әдісі
«Судың да сұрауы бар» мәтінінде кездескен жаңа сөздерді табу. Дереккөздер арқылы сөздердің мағынасын ашу. Оқушылардың қажетті дереккөздермен жұмыс істеуі ұйымдастырылады.
«Не білесің?» әдісі
Қадірі, дамушы елдер, цистерна, өңір, су қоры т.б. сөздердің мағыналары топтық жұмыста анықталады.
Сөздерді постерге түсіріп галереяға іліп, қорғайды.
-жаңа сөздерді табады
-мағынасын ашады
-галереяға іліп, қорғайды
Қ.Б: топтар бір-бірін «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бағалайды
Саралау: «Дереккөздер» тәсілі
- Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 609



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі