89 сабақ Негізгі және туынды етістік (3 сынып, III тоқсан )

 89 сабақ Негізгі және туынды етістік (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Атақты тұлғалар»
Сабақтың тақырыбы: 89 сабақ Негізгі және туынды етістік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.6.1мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін) жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;
3.3.2.1өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу;
3.4.2.4негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
- мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;
-нұсқаулықты пайдаланып, мұғалімнің көмегімен өмірбаян жазады;
- мұғалімнің қолдауымен, үлгіні пайдаланып, қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
- көмекші кесте негізінде ұқсас тақырыпта берілген мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;
- нұсқаулықты пайдаланып өмірбаян жазады;
- үлгіні пайдаланып, қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.
Оқушылардың кейбірі:
- өздігінен мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;
- өздігінен өмірбаян жазады;
- қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: (Ж,Қ) Білімді бекіту.
Үй жұмысын тексеру үшін жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар зат есімдерден туынды етістік жасап, туынды етістікпен сөйлем құрап жазғандарын өзара тексереді. Қатені тауып, түзетеді.
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.
3.2.6.1 (Т;Қ) Мәтін түрлерін/стилін еске түсіру, қайталау мақсатында оқушылар топтастырылып, «Орнын тап» ойыны ұйымдастырылады. Қима қағаздар дайындалып, үстел үстіне теріс жағымен қойылады. Әр топтың жетекшісі бір қима қағазды алып өз тобына апарып, топта талқылау жүргізіледі. Топ шешім қабылдаған соң, сынып қабырғаларының әртүрлі жерінде қыстырылған қима қағаздардың (стиль атаулары жазылған) астына өз парақшаларын іледі. Тексеру жұмысы ұйымдастырылады.
3.2.6.1 (МК; Т; Қ) Мәтіндерді оқу. Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
24-жаттығу. Мәтіндерді оқып, салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Мәтіндер қандай атақты тұлға туралы, ол қандай ісімен атақты адам бола алғанын, қай мәтін бірінші жақтан айтылғанын анықтап, дәлелдейді.
Көркем жазу: Үш элементтен тұратын әріптерді жазу: ж жоңышқа мұражай жануар
(Ө; Т) Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп жазып, мағынасын сөздіктерден табу.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп жазып, мағынасына талдау жасайды.
1-мәтін: ағаш ұстасы, зергерлігімен танымал, запастағы командир, қаржы мекесесі, даңқты, дивизия.
2-мәтін: боз құлын, фашистер.
Сергіту сәті.
3.3.2.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Өмірбаян жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
25-жаттығу. Өз отбасының бір мүшесінің өмірбаянын мұғалімнің көмегімен жазады. Өмірбаянды жазбас бұрын, нұсқаулықпен жұмыс жасалады.
Дескриптор:
1. Өмірбаянды дұрыс ретімен жазады;
2. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
3.4.2.4 (МК; Ө; Т; Қ) Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап, сөздерді көшіріп жазу. Ой тұжырым жасау.
26-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап, сөздерді көшіріп жазады.
Жазған жұмыстарына талдау жасап, ой тұжырым жасайды. Түбір және туынды етістік туралы игерген білімдерін бекітеді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 388



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!